Астана қаласы Есіл аудандық сотының қатысуымен азаматтық іс бойынша сот ісін жүргізу туралы

12.02.2016 жылы «Азаматтық сот өндірісі практикумы» пәнін оқыту аясында Ю(К)-301 және Ю(К)-302 топтарында моральдік және материалдық зиянды өтеу туралы Астана қаласы Есіл аудандық соты Жоламанова Зауре Габдессалямовнаның қатысуымен оқу сот процесі өткізілді. Оқу процесін «Азаматтық, кәсіпкерлік және азаматтық іс жүргізу құқығы» кафедрасының аға оқытушылары А.А. Асылбекова мен У.Е. Кудияровалар ұйымдастырды.

Студенттерге азаматтық іс жүргізу саласындағы теориялық білімдерін оқу сот процесін өткізу кезінде қолдану мүмкіндігі ұсынылды.