КАЗГЮУ студенттері Астана қ. Есіл аудандық сотында азаматтық істерді қарау процесіне қатысты

2016 жылдың 8 ақпанында «Азаматтық сот ісін жүргізу практикумы» пәнін оқу аясында Ю(К)-302 тобының үшінші курс студенттері Астана қ. Есіл аудандық соты Шуалканова Назгуль Касымовна қарастырған материалдық зиянды өтеу азаматтық ісін қарау бойынша процеске қатысты. Есіл аудандық сотына қатысу «Азаматтық, кәсіпкерлік және азаматтық іс жүргізу құқығы» кафедрасының аға оқытушысы А.А. Асылбекова ұйымдастырды.

Азаматтық істі қарау барысында студенттер жаңа ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі бойынша материалдық зиянды өтеу туралы істерді қарастыру ерекшеліктерін біле алды.