Құқықтану мамандығындағы Құқыққорғау органдары мамандануы бойынша АЗА түлектерінің кездесуі 1997 ж. түлектер

Құқықтану мамандығындағы

Құқыққорғау органдары мамандануы бойынша

АЗА  түлектерінің кездесуі

1997 ж. түлектер

23.01.2016 жылы КАЗГЮУ Университеті Құқық жоғары мектебі Кәсіби практика, мансап және жұмысқа орналастыру кеңсесінің қолдауымен 1997 жылғы «Құқыққорғау органдары» мамандануындағы (Алматы заңгерлік академиясы) түлектердің кездесуі өтті. Кездесу Алматы қаласында өтті.

Уразова Ботагоз, 1997 жылдың түлегі, өз әсерімен бөлісті: «Біздің 1997 жылғы «Құқыққорғау органдары» мамандығындағы курстастардың кездесуі өтті. Студенттік кездегі сүйікті қаламызды, біздің жастық шағымыз бен өткен өмірімізді аңсау бізге тыным бермегендей. Өмір ойлағанымыздай болмайды екен. Өмір бір сәттей өтіп кетеді екен. Жылдар жылжып, біз есейе келе  студенттік достықтың мәнін түсінеміз. Ол кез еске сондай жылы естеліктерге еске түсіреді. Жастық шағымызға оралғымыз келіп, біз 2016 жылдың 23 қаңтарында сүйікті және жарық Алматы қаласында кездесуді шештік. Аздау адам жиналады деп болжағанбыз. Курстастарды іздеу басталды. Бәрібір бұл ұсынысты қабыл алатындар табылатынына сеніміміз мол болды. Содан біз 60-тан астам адам жиналдық.

Жастық шағымыздай біз қобалжи отырып, өз енді жетілген курстастарымызбен қайта таныстық. Көп куртастрымыз өз мамандықтары бойынша қызмет етуде, кейбірі басқа салаға ауысып кеткен. Барлығының отбасы, балалары бар…

Бұл сәтті жан толғаныстардың сәті болды! Алғашқы сәттерде біз бірімізді біріміз тіпті, танымай да қалдық. Себебі есейдік, ірілендік, өзгердік. Бірақ аз уақыттан соң бәріміз студенттік кезге қайта түскендей болдық. Сосын бірімізді біріміз қалай танымай қалғанымызға таң қалысып  отырдық. Мұндағы барлық сезім мен жан толғаныстарын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Өте қызықты, позитивті, жылы шырайлы және нағыз студенттік кездегідей керемет болды! Сезімдер жүрек мен ой-санамызды жаулап алды. Мұндай кездесулер шынайы, әрі жылы естеліктерді есте қалдырады. Біз тағы да өздерімізді студенттердей сезіндік. Аз уақыт болса да, біз тағы да бірге болдық».

ҚҚО студенттері, 1997 жылғы түлектер