Мақсұт Нәрікбаевты еске алу кітапханасы мен «Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті Қорының ашылуы

2016 жылдың 30 наурызында Қазақстанның көрнекті қайраткері Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаевты еске алу кітапханасының және Эндаумент КАЗГЮУ» қайырымдылық Қорының ашылуы өтті.

Кітапхананы ашу рәсімі «Қазақстанның даму банкі» АҚ Басқармасаның Төрағасы Болат Жәмішев пен Мақсұт Нәрікбаевтың жұбайы – Қасиет Нәрікбаеваға бұйырды. Астананың барлық тұрғындары қонақ абонементін пайдалана отырып, кітапхананың мұрағат қорына қол жеткізетін оқырмандары бола алатынын атап өту керек. Сонымен қатар ашылу салтанатына әр түрлі қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, өзге ведомстволардың өкілдері шащқырылған. Олардың қатарында Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу, заң ғылымдарының докторы, ҚР ІІМ жанындағы Марат Қоғамов, сонымен қатар КАЗГЮУ-дің атақты түлектері бар.

Оған қоса «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-да кезінде идея авторы мен жобалардың бастамашысы Мақсұт Сұлтанұлының өзі болып табылатын «Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті Қорының таныстырылымы өтті. Онда жинақталған қаражат көмегімен дарынды, бірақ қаржылық мүмкіндігі шектеулі жастарға көмек көрсетіледі. «Эндаумент КАЗГЮУ» Қорының ресми серіктестері – АО «Банк KassaNova» АҚ, «TengriBank», АҚ «ҚазКонтент» сияқты елдің ірі институттарының атаулы аудиторияларының салтанатты ашылуы өтті.

Надежда Коробко, «Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті Қорының директоры:

Бұл – кейбір инвестициялар, кейбір салымдар салынатын қайырымдылық қоры. Қордың міндеті студенттерге тікелей көмектесу. Жақсы оқитын, оқуға ниетті, бірақ мүмкіндігі жоқ студенттерге. Бұл жеңілдіктер, бұл стипендиялар, бұл гранттар. Университеттің өзі 80 млн. шамасында жеңілдіктер мен гранттарға, стипендияларға қаражат бөлуде. Енді біз бұл Қордың көмегімен осындай шараларды атқарғымыз келеді. Идея авторы Мақсұт Сұлтанұлының өзі болатын.

Үшінші аудитория «Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті Қорының бірінші меценаттары КАЗГЮУ Университеті Бизнес-мектебінің түлектерімен материалдық-техникалық жағынан жабдықталған.

30 наурызда атақты мемлекет қайраткері, профессор, заң ғылымдарының докторы Мақсұт Сұлтанұлы 76 жасқа толатын еді. Мақсұт

Сұлтанұлы кезінде ҚР Бас прокуратурасын, ҚР Жоғары сотын басқарған, Қазақстанның Жоғары сот кеңесінің, Мәжілісі жанындағы қоғамдық палатаның, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі болған.

«Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті Қорының басшылығы 2016 жылдың меценаттарына КАЗГЮУ Университетінің болашағына бей-жай қарамағаны үшін және Қордың мақсатты капиталын толтырғаны үшін шын жүректен алғысын білдіреді.