ҚР Энергетика министрлігі Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары қонақ дәріс өткізді

2016 жылдың 7 сәуірінде Құқық Жоғары Мектебі студенттеріне Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары Досмакова Бизар Жакиевна мен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қалдықтарды басқару департаментінің қатты қалдықтарды басқару сарапшысы Бақтығали Жәнібек Қадыржанұлы қонақ дәріс өткізді.  «Қазақстан Республикасы пайдалану мен өндіріс қалдықтарын басқару саласындағы Мемлекеттік саясаты» деп белгіленген дәріс тақырыбы қазіргі Қазақстанда аса өзекті.  

Дәріс «Экологиялық және жер құқығы» пәні аясында өткізіліп, Азаматтық, кәсіпкерлік және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасының аға оқытушысы Е.Л. Бабаджанян мен кафедра доценті А.Е.Даутбаева-Мухтаровамен ұйымдастырылған.  

Дәріс барысында Бизар Жакиевна қатты тұрмыстық қалдықтар секторының мәселелеріне тоқталып, қазіргі заңнамадағы олқылықтарды анықтап берді. Қонақтар Германия, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты заңнамасында қалдықтарды бөлек жинау қағидаты бекітілген, дамыған мемлекеттердің тәжірибесімен бөлісті. Студенттер Қазақстандағы қалдықтарды қайта өңдеу мүмкіндіктері мен болашағы туралы сұрақтар қойды. Жәнібек Қадыржанұлы көрнекілік материалдарды ұсынды.

Жәнібек Қадыржанұлы отандық қайта өңдеу компаниялар өндірісінің нәтижесі болып табылатын көрнекілік материалдарды ұсынып, көрсетті. Нақтылағанда студенттерге Жаңаөзенде қолданылып жатқан, пластикалық бөтелкелерді қайта өңдеу нәтижесінде туындаған жабынқыш үлгісі көрсетілді.

Құқық Жоғары Мектебі студенттері мен басшылығы атынан Бизар Жакиевна мен Жәнібек Қадыржанұлына мағыналы дәрісі үшін алғысымызды білдіреміз!