Құқық жоғары мектебі: Халықаралық «Алтын із» кинофестивалінде 2 орын мен қазылар алқасының жүлдесіне ие болды!

2016 жылдың 21-22 сәуірінде ІІІ Халықаралық криминалистика бойынша студенттік фильмдердің «Алтын із» кинофестивалі өтті. Фестивальға КАЗГЮУ Университеті Құқық жоғары мектебі студенттері біздің оқытушылардың жетекшілігімен дайындаған фильм қатысты. Шараны ұйымдастырушылары қатарында Томск мемлекеттік университетінің (филиалы) Новосибирск құқықтану институты, Ресей ІІМ Бас басқармасының Новосибирск облысы бойынша Қоғамдық кеңесі,  Ресейдің заңгерлер Ассоциациясының Новосибирск аймақтық бөлімшесі бар. Байқауға 70-тен артық фильм жіберілген. Фестиваль географиясы Египеттен Моңғолияға дейінгі аймақты қамтиды.

Кинофестиваль нәтижелері бойынша «Криминалды инсцинировкалар» атауы бойынша орындар келесідей бөлінді:

1-орын: «Дубровинодағы аберрация» («Аберрация в Дубровино»), Томск мемлекеттік университетінің (филиалы) Новосибирск құқықтану институты, Новосибирск қ.

2-орын: «Адам тонаудың қылмыстық қойылымы» («Криминальная инсценировка похищения человека»), КАЗГЮУ Университеті Құқық жоғары мектебі, Астана қ.

3-орын: «Хакерлер» («Хакеры»), Г.Р.Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университеті, Құқық және ұлттық қауіпсіздік институты, Тамбов қ.

Қазылар алқасының сыйлығын «Жалдау бойынша атқарылатын қылмыстардың криминалистикалық сипаты» («Криминалистическая характеристика убийств, совершаемых по найму») фильмі алды, КАЗГЮУ Университеті, Астана қ.

«Адам тонаудың қылмыстық қойылымы» («Криминальная инсценировка похищения человека») және «Жалдау бойынша атқарылатын қылмыстардың криминалистикалық сипаты» («Криминалистическая характеристика убийств, совершаемых по найму») фильмдерін даярлауда КАЗГЮУ Университетінің қызметкерлері: Наталья Коваленко, Фуркат Идирисов; «Құқыққорғау қызметі» мамандығының 2,4 курс студенттері: Сергей Нежинский, Темирлан Салыков; Бахыт Габбасова, Иван Галактионов, Асемгуль Еставлетова, Аслан Ернус, Иван Галактионов, Азамат Жумашов; «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенті Ербол Каримов, Амир Ибатов қатысты.

Жетекші – қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы Хашиева Танзила Магомедовна.