Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасы, юстиция лейтенанты Б.И.Байкелдиевпен жұмысқа орналастыруға қатысты кездесу өтті

26.04.2016 жылы 315 аудиторияда Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасы, юстиция лейтенанты Б.И.Байкелдиевпен жұмысқа орналастыруға қатысты кездесу өтті.

Кездесу кезінде студенттер жұмысқа орналасуға байланысты сауалнама толтырып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, қызығушылық танытты.

Б.И. Байкелдиев Ақмола гарнизоны әскери прокуратурада өндірістік практикадан өткен 5В030300 –«Құқық қорғау» қызметі мамандығының студенттері С.Нежинский мен М.Ахметбековтерді ерекше атап көрсетті.

Өндірістік практика нәтижелері бойынша аталған студенттер Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасына жұмысқа шақырылды.