КАЗГЮУ өз түлектеріне бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды

Астана қаласында КАЗГЮУ университетінде студенттер мен түлектер үшін жұмысқа орналастыру бойынша бос орындар жәрмеңкесі өтті. Ағымдағы жылы шараға 250 бала қатысты. Оларға ЖОО 35 ірі отандық және шетелдік компаниялардың жұмыс берушілерімен кездесуге бірегеу мүмкіндік ұсынды.   

Кездесу кезінде қызығушылық танытқан қатысушылар кәсіби өзара ынтымақтасу болашағын талқылады. Осылайша отандық және шетелдік компаниялардың жұмыс берушілері тұсаукесерлер, шеберлік сағаттарын, тренингілер, тестілеу мен сұхбаттасулар ұйымдастырып, жас мамандарға әр түрлі салада жұмысқа орналасу мәселелеріне қатысты, табысты мансаптық өсу жолын өсіруге қажетті, шетелдік оқу мен жұмысқа орналасудың басымдықтары туралы кеңестер берді

Өз алдына ЖОО түлектері компаниялардың топ-менеджерлерімен бейресми жағдайда tête à tête пікірлесуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар олардың назарына студенттер мен түлектерге арналған Анталия мен Кипрдегі жазғы тілдік мектептер ұсынылды.    

Жәрмеңкеде түлектермен әділет, денсаулық және әлеуметтік қамту, инвестициялар мен даму, көлік және коммуникациялар министрліктерінің, Астана қ. Соты, Әскери бас прокуратурасы, Астана қ. ІІД, «GRATA» заңгерлік компаниясы, Интеллактуалдық меншік ұлттық институтының, ҚР Заңнамасы институтының, Penal Reform International, Астана қаласы адвокаттар коллегиясы, «BI-Holding» құрылыс компаниясы, «Torecompany LLP Recruitment agency» рекрутингтік агенттік өкілдері кездесулер өткізді. «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК КАЗГЮУ студенттеріне стипендялар жариялайды.     

Шараны өткізу барысында Құқық жоғары мектебі басшылығымен «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК-мен КАЗГЮУ студенттеріне стипендиялар тағайындауға қатысты келісімге қол жеткізді. Сонымен қатар елдің жетекші санатындағы құқықтық ЖОО түлектерінің мемлекеттің құқық және экономика салаларындағы дамуға қосып жатқан тікелей үлестері де назардан тыс қалмады. Одан өзге жас мамандар үшін КАЗГЮУ-дің түлектері бола отырып, қазіргі кезде мемлекеттік және жеке секторларда жауапты қызметтерінде еңбек етуші ЖООның дарынды түлектерінің мансаптық өсу жолы да үлгі боларлық екенін де ескерген дұрыс.

Бос орындар жәрмеңкесі еңбек нарығының әлеуетті мүмкіндіктерімен дәстүрлі танысу қалпында өтіп, жұмыс берушілер мен түлектердің де кәсіби болжалдарының нақты көрсеткіші бола алды.

Смотреть полный фото-отчет здесь.