Құқық Жоғары Мектебінің студенттері XXIII студенттердің, аспиранттардың және жас ғалымдардың «Ломоносов -2016» халықаралық ғылыми конференциясына қатысты

2016 жылдың 11-15 сәуірінде «КАЗГЮУ Университеті» АҚ Құқық Жоғары Мектебінің студенттері XXIII студенттердің, аспиранттардың және жас ғалымдардың «Ломоносов -2016» халықаралық ғылыми конференциясына қатысты. Конференция М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дың құқық факультетінде өтті. Аталған конференция жұмысында келесі студенттер қатысып, сәтті баяндамалар жасады:  Такеева Айнагуль (4 курс), Асамбеков Куат (4 курс), Крашинина Александра (2 курс), Сагат Алдиярхан (2 курс).

Асамбеков Куаттың «Корпоративті құқық» секциясындағы «ЖШҚ-дан қатысушыны шығарып тастау: Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы заңнамалары мысалында» тақырыбындағы баяндамасы «Үздік баяндамасы үшін» номинациясында дипломмен марапатталды.

«КАЗГЮУ Университеті» АҚ  ҚЖМ студенттерінің делегациясы ұйымдастыру комитетіне қабылдау мен керемет ұйымдастыру жұмыстары үшін алғыстарын білдіреді. Аталған конференция жұмысына қатысу мен әріптестермен пікірлесу көптеген жағымды сәттерді сыйлады.

«КАЗГЮУ Университеті» АҚ ректоры Т.М. Нәрікбаев пен «КАЗГЮУ Университеті» АҚ  ҚЖМ директоры, з.ғ.к., доцент С.Н.Пенге аталмыш  сапарда көрсеткен ықыластары мен қолдаулары, әрі ұйымдастырулары үшін ерекше алғыс білдіреміз.