КАЗГЮУ және ҚР Жоғары соты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Ағымдағы жылдың 21 маусымында «Қазақстан Республикасы Жоғары соты Әкімгері» МБ-мен «КАЗГЮУ Университеті» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Аталмыш құжат елімізде білікті, талапқа сай, еңбек нарығында сұранысқа ие заңгерлерден құралған зияткерлік зиялы қауымды қалыптастыруға қатысты Мемлекеттің Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасын іс жүзінде асыруды көздейді.

Өзара тиімді ынтымақтастық білім сапасын арттыру, сәйкесінше қызмет бабында жинақталған тәжірибе және біліммен алмасу бойынша бірлескен инновациялық жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға бағытталған.

Одан өзге, келісілген келісім аясында әрекет етуші судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлері КАЗГЮУ студенттеріне оқытушы дәрістер мен семинарлар ұйымдастырмақ, сонымен қатар көшпелі сот отырыстары да өткізілмек.  

Осы үлгідегі ынтымақтастық КАЗГЮУ студенттеріне Жоғары сотта, гарнизондар мен облыстық мәндегі қалаларда  практикадан өтулеріне мүмкіндік береді. Бұл болашақта елдің аймақтық орталықтарында жоғары білікті заңгерлік бейіндегі кадрлардың біркелкі толысуына ықпалдасады.