Игорь Рогов – КАЗГЮУ еліміздің басты заң оқу орны

30 тамызда «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-нда қазақстандық, ресейлік, молдаван және иордан сарапшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Конституция күніне орайластырылған «Конституция – қоғам мен мемлекеттің қарқын әрі орнықты дамуының негізі» атты тақырыпқа арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Рогов конференцияға қатысушыларды Конституция күнімен құттықтап, КАЗГЮУ-дың осы уақытқа дейін Н. Шәйкенов, Е. Нұрпейісов, М. Нәрікбаев секілді оқу орнының негіз қалаушылары бастаған миссия мен дәстүрлерді лайықты жалғастырып келе жатқандығын белгіледі.

«Құрылған сәттен бастап КАЗГЮУ барлық мықты оқу орындарын, оның ішінде ҚАЗҰУ-ды да ығыстыра бастады. Қазіргі таңда КАЗГЮУ Университеті – еліміздің ең басты мамандандырылған заң оқу орындарының бірі. Осы іске елеулі үлес қосқан – Мақсұт Нәрікбаев, ол КАЗГЮУ-ды әлемдік оқу орындарының мәртебесіне дейін көтерді және бүгінде университет, ел тәуелсіздігімізден шамалы кішірек болса да, ұлттық патриотизм идеясына шын берілген лайықты заң кадрларын тәрбиелеуде».

Сондай-ақ өз сөзінде Конституциялық кеңестің басшысы егемендікті қабылдау процесінің қисынды соңы болған еліміздің Ата заңы – ҚР Конституциясының рөлін ерекше белгіледі.

«Конституция 25 жыл бұрын жарияланған егемендікті заңдастыру үдерісін аяқтады. 1995 жылы бүкіл халықтық референдумда ел жұрты Ата заңды қолдаған кезде, Конституцияны қабылдау рәсімінің өзінде егемендіктің түпкілікті ресімделуі көрініс тапты».

Конференция барысында Қазақстанның шетелдегі әріптес елдерінен келген заңгерлер, қатысушылар мен делегаттар (Ахмад ТБЕЙШАТ – Иордан Хашимит Корольдігінің Конституциялық Сотының мүшесі, Вячеслав ЗАПОРОЖАНМолдова Республикасы Конституциялық Сотының судьясы, Михаил КЛЕАНДРОВ  – РФ Конституциялық Сотының судьясы) халықаралық деңгейдегі заң білімінің сапасы мәселелерін, қоғамның, құқық пен мемлекеттің дамуындағы конституционализмнің рөлін, РФ-дағы сот билігінің дамуын және құқықтық саладағы басқа да көкейтесті тақырыптарды талқылады.

Фото-отчет.