Қазақстандық және ресейлік сарапшылар құқық және криминология мәселелерін талқылады

Астанада КАЗГЮУ Университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының «Құқық» мамандықтарының тобы бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігінің және Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарының заң білімі бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігінің қылмыстық құқық және криминология секциясының бірлескен отырысы өтіп жатыр.

 Жиналыс ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И. Роговтың, Бас Прокурордың орынбасары И. Меркельдің, ҚР Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы А. Рахметулиннің қатысуымен өтуде.

Ресейлік тараптан Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарының заң білімі бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігінің қылмыстық құқық және криминология секциясының төрағасы В. Комиссаров, РФ Жоғарғы Сотының жанындағы Ғылыми-консультациялық кеңесінің мүшесі Ю. Пудовочкин және басқа да делегаттар қатысуда.

Бірлескен мәжіліс аясында И. Меркель криминалдық топтамадағы заңнаманы бір мезгілде өзгерту тәжірибесі туралы баяндады.

Сондай-ақ Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерінің мәселелерін, құқық қолдану қызметіндегі сот тәжірибесінің рөлін, Қазақстандағы қылмыстық ахуал мен криминологиялық заңнаманы талқылау жоспарлануда.