Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметі туралы

2016 жылдың 30 қыркүйек күні сағат 19.00-де Үш би залында (402-аудитория) КАЗГЮУ Университетінің студенттері, магистранттары мен профессорлық-оқытушылық құрамы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Еділұлы Ерғожинмен кездесті.

Кездесу тақырыбы: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметі туралы».

Сондай-ақ кездесуге КАЗГЮУ Университетінің ректоры, з.ғ.к., Талғат Мақсұтұлы Нәрікбаев, Құқық жоғары мектебінің директоры, з.ғ.к., доцент Пен Сергей Геннадиевич, кафедра меңгерушілері, профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты.

Кездесуді КАЗГЮУ Университетінің ректоры, з.ғ.к., Талғат Мақсұтұлы Нәрікбаев ашты. Ол жиналғанның барлығына алғы сөзін айтып, сөз ретін ҚР ҚМ МКК Төрағасы Д.Е. Ерғожинге тапсырды.

Комитет Төрағасы Д.Е. Ерғожиннің керемет ораторлық әлеуеті, аудиторияны басқара білуі және тәжірибеден келтірілген мысалдар тақырыпты ашып, оны аудиторияға дейін жеткізуге мүмкіндік берді.  

Баяндамасы тыңдармаңдар тарапынан қызығушылық туғызды. Әңгіменің соңында Д.Е. Ерғожин көптеген қойылған сұрақтарға да жауап берді.

ҚР ҚМ МКК Төрағасы Д.Е. Ерғожин студенттерді тәжірибеден, тағылымдамадан өтуге және түлектерімізге ерекше назар аударып, оларды Комитет құрылымында жұмыс істеуге шақырды.