КАЗГЮУ Университетінің еріктілер-студенттері BARCEF Bolashak Alumni Reunion Conference and Education Fair қатысты

2016 жылдың 7 қазан күні BARCEF Bolashak Alumni Reunion Conference and Education Fair деп аталатын еліміздің ең ауқымды халықаралық білім беру көрмесі – конференциясы өткізілді!

BARCEF – бұл әлемнің 20 елінен ең үздік 40 университеті, 100-ден астам танымал дүниежүзілік білім беру орталықтарының өкілдері, сондай-ақ бүкіл Қазақстаннан 4000-ға жуық қатысушы.

BARCEF-2016 конференциясының жұмысына Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, отандық және халықаралық сарапшылар, қазақстандық және шетелдік оқу орындарының өкілдері, «Болашақ» бағдарламасының түлектері және халықаралық әріптестер атсалысты. Конференцияда бірегей жобалар көрсетілді, шетелдік жоғары оқу орындарының жәрмеңкесі өткізілді, білім беру жеңілдіктерінің, тікелей сұхбаттасу бағдарламалары табыс етілді, пайдалы байланыстар орнатылды және әрине, қызықты ұтыстар ойнатылып, сыйлықтар тарту етілді.

КАЗГЮУ Университетінің еріктілер-студенттері осы шараны ұйымдастыруға белсенді қатысып, ұйымдасушылықтың жоғары деңгейін көрсетті және осы шараны ұмытылмастай етіп өткізу үшін барынша күш салды.