Студенттер Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының өкілдерімен кездесті

2016 жылғы 28 қазан күні Үш би залында студенттер Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің қызметшілерімен кездесті.

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Аналитикалық жұмыс және құқықтық реттеу басқармасының бастығы Ерәділ Қалидоллаұлы Ахметов «Интернет-портал: қылмыстық құқық бұзушылықтар» атты тақырыпқа дәріс оқыды.

 

Сондай-ақ кездесу барысында студенттер мен оқытушылар прокуратура органдарының ақпараттық сервистерімен таныс болды. Тыңдармандар тарапынан «Қылмыстық құқық бұзушылықтардың картасы», «Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған адамдардың картасы», «Бизнесіңізді тексеру заңдылығы», «Көлік құралын ЖКО-ға тексеру, «Айыппұлдар туралы мәлімет» секілді ақпараттық сервистер ерекше қызығушылық тудырды.

Шараның мақсаты халықтың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайту болды.