Өндірістік және диплом алдындағы тәжірибе туралы хабарландыру

Құрметті бітіруші курс студенттері!

Тәжірибе, мансап және жұмысқа орналастыру кеңсесі өндірістік/диплом алдындағы тәжірибеге бекітілу туралы өтінішті жазу, оны келісу және ғылыми жетекшінің қолын қойдыру қажеттілігі жөнінде ескертеді. Одан кейін Тәжірибеден өту туралы шартты жүктеп, оны үш данада шығару қажет, себебі бұл шарт үшжақты болып табылады. Шарт даналарын басып шығарғаннан кейін Құқық жоғары мектебінің директоры С.Г. Пен қол қою үшін оларды Тәжірибе кеңсесіне тапсыру қажет. Шарт пен өтінішті Тәжірибе кеңсесіне үстіміздегі жылдың 17 қарашасына дейін әкеп тапсыру керек.

Одан басқа, берешегі бар (қайта оқу курсы, сессиясын тапсырмаған және т.б. себептер) студенттер тәжірибеге жіберілмейді. Курсты қайта оқып, алайда тәжірибеден өтпеген студенттер жолдама алу үшін Кеңсеге жолығуға тиіс.

Тәжірибеден өту мерзімі 2017 жылдың 23 қаңтарынан бастап 31 наурызына дейін.

Тәжірибе, мансап және жұмысқа орналастыру кеңсесі: 340-каб.

тел.: + 7 (7172) 70-28-73

Материал для скачивания