КАЗГЮУ-да Құқық жоғары мектебінің студенттері Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың судьясы Тамара Петровна Королевскаямен кездесті

11 қараша күні Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың судьясы Тамара Петровна Королевская «2017-2020 жылдарға арналған білім стратегиясы» атты тақырыпқа дәріс оқыды.

Дәрістің басында Құқық жоғары мектебінің директоры, з.ғ.к., доцент С.Г. Пен жиналған қауымға Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың судьясы Тамара Петровна Королевскаяны және Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың бас маманы әрі Университеттің «5В030300-Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша 2012 жылғы түлегі Диана Қайырбековна Талқанбаеваны таныстырды.

Аталған қонақ дәрісінің мақсаты студенттерге сот білімінің мақсаттары, қағидалары мен міндеттері, сондай-ақ сот жүйесі үшін кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру әдістерінің сапасын жетілдіру жайында баяндау еді.

Тыңдаушылар тарапынан ерекше қызығушылықты қоғамды шулатқан қылмыстық істерге қатысты кейстер тудырды. Сондай-ақ судья Т.П. Королевская барлық студенттерді тәжірибе мен тағылымдамадан өтуге және түлектеріміз жайлы жылы лебіз білдіріп, әскери сот органдарында жұмыс істеуге шақырды.