Қылмыстық құқық бойынша үздік кейс шешіміне сайыстың жеңімпаздары анықталды

24 қараша күні Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы Қылмыстық құқық бойынша үздік кейс шешіміне конкурс өткізді. Сайыстың мақсаты студенттердің материалдық қылмыстық құқық нормалары мен заңгерлік дәлелдеме дағдыларын іс жүзінде пайдалану машықтарын көрсетуі арқылы кейс технологиясының тиімділігін бағалау болып табылады.

Конкурс жеңімпазы «Young prosecutors» командасы атанды, оның құрамына Ванкеев Шамиль (капитаны), Әлімбай Жанболат, Тулеутаева Күмісай, Рустемов Ділмұрат, Бекман Рахымжан кіреді. Жеңімпаз командаға диплом мен естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.