КАЗГЮУ Университеті және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің командалары арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дебат турнирының финалы

2016 жылғы 29 қарашада КАЗГЮУ Университеті және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің командалары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа  және жастардың арасындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл» дебаттық турнирының финалы өтті.

Дебаттарды Астана қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі ұйымдастырды.  

Командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Турнирға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Дебат жеңімпазы болып КАЗГЮУ Университетінің командасы атанды.