Қазақстан Республикасындағы сот сараптамасын жетілдіру

2016 жылдың 5 желтоқсанда Астанада Дүниежүзілік банктің жобасы төңірегінде «Қазақстан Республикасындағы сот сараптамасын жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

Конференцияның мақсаттары сот-сараптама қызметін біртіндеп монополиясыздандыру үлгісімен таныстыру және сот-сараптамалық қызметтердің бәсекелі нарығын құру бойынша нақты шараларды талқылау болып табылады.

Конференцияның жұмысына отандық және шетелдік сарапшылар (King’s College London, Key Forensic Services, QPA Strategy және т.б.), Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, сот жүйесі органдары мен құқық қорғау органдарының басшылары, заңгерлік және сот-сараптамалық қауымдастық өкілдері қатысады.  

Конференцияның бірлескен ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және КАЗГЮУ Университеті.

Өткізу орны: Hilton Garden Inn Astana қонақүйі, Қабанбай Батыр даңғ., 15, Garden 3-4 конференц-залы

Өткізу уақыты: 5.12.2016 жыл, сағат 10.00-13.00

Қызығушылық танытқандардың барлығын конференцияның жұмысына қатысуға шақырамыз!