Студенттердің ҚР Бас Прокуратурасы Кадрлық жұмыс департаментінің бастығымен кездесуі

2016 жылдың 22 қараша күні Университет студенттері Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Кадрлық жұмыс департаментінің бастығы А.Г. Огаймен кездесті.

Кездесу барысында тыңдаушылар прокуратураның қызметімен танысты, прокуратура органдарына конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі, прокуратура органдарының қызметшілерін әлеуметтік қорғау және т.б. мәселелер талқылады.

Сондай-ақ А. Огай түлектерімізге ерекше назар аударып, прокуратура органдарында тәжірибеден, тағылымдамадан өткісі және жұмыс істегісі келетін студенттерді шақырды.