White & Case LLP заң фирмасымен бірге «Legalweek 2016»

«Legal week 2016» іс-шара төңірегінде КАЗГЮУ ҚЖМ студенттері ең үздік халықаралық заңгерлік фирмалардың өкілдерімен кездесті. Осындай фирмалардың бірі Астанадағы  White & Case LLP халықаралық заңгерлік фирмасының кеңсесі болып табылады.

Үстіміздегі жылдың 30 қараша күні White & Case аға заңгері Мұхтар Нұржігітов «Due diligence процесі, M&A мәмілелері» тақырыбына дәріс оқыды, оның барысында М. Нұржігітов студенттермен корпоративтік құқық саласы, компаниялардың бірігуі мен жұтылуы, сондай-ақ коммерциялық мәселелер бойынша мәмілелерді жасасу секілді негізгі қызмет салаларындағы өз тәжірибесімен бөлісті.

Айта кетерлік, КАЗГЮУ университетінің командасы жыл сайын қатысатын Филипп Джессоп кубогына Халықаралық сот процестері ойыны White&Case LLP халықаралық заңгерлік фирмасының қолдауымен ұйымдастырылады.