КАЗГЮУ – “Заңтану” мамандығы бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы

2017 жылдың 15 сәуірінде КАЗГЮУ Университетінде өткен “Заңтану” мамандығы бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы белгілі болды.

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының, Жоғарғы Сотының, Республикалық адвокаттар алқасының, Астана қаласы Ішкі істер департаментінің және «Kazakhstan Bar Association» коммерциялық заңгерлер алқасы” РҚБ өкілдерінен тұратын қазылар алқасының бағалауынша, командалық есептің жеңімпаздары мына командалар болды:

1-орын – КАЗГЮУ Университеті
2-орын – Еуразиялық гуманитарлық институты
3-орын – Каспий Университеті

Жеке есепте бірінші орынды КАЗГЮУ Университетінің және Каспий Университетінің студенттері бөлісті. Сондай-ақ КАЗГЮУ Университетінің студенті Артур Алхастов ТОР-10 қатысушылардың қатарына енді. Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз!