КАЗГЮУ Университетінің студенттері Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне барды


27 сәуірде КАЗГЮУ Университетінің студенттері «Конституциялық өндіріс» оқу пәнін меңгеру аясында Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне барды. Студенттердің кездесуі Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесінің мүшесі, з.ғ.д., профессор В.А. Малиновскийдің шақыруымен ұйымдастырылды.

Бұл кездесуге Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің мүшелері, Конституциялық Кеңес аппаратының басшысы және аппарат бөлімдерінің басшылары да қатысты, олар студенттерді Конституциялық Кеңестің жұмысымен, оны құру тарихымен, оның бұрынғы мүшелерімен және қазіргі құрамымен таныстырды. Студенттер Конституциялық Кеңес аппаратының талдамалық бөлім, құқықтық сараптама бөлімі, персонал және құжаттамалық қамсыздандыру басқармасы секілді бөлімдерінің жұмыс бағыттары жайында хабардар болды, сондай-ақ өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Осы кездесу үшін алғысымызды білдіреміз және Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесімен ынтымақтастықтың әрі қарай жалғасатындығына үміттенеміз.