Танымал құқық қорғаушылар КАЗГЮУ студенттерін адвокаттар алқасына мүше болуға шақырды

“Адвокаттық қызмет пен заң көмегі туралы” жаңа заң жобасы жас мамандардың адвокатура саласына келуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 Жаңа буындағы заңгерлердің Республикалық адвокаттар алқасына мүше болуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі алқаға кіру жарналарының жойылуы болмақ, бұл норма аталған заң жобасында қарастырылған. Бұл жөнінде бүгін КАЗГЮУ Университеті Құқық жоғары мектебінің Дискуссия клубының заң кәсібін реттеу мәселелерін талқылауға арналған отырысында белгілі болды. 

Шақырылған қонақтардың арасында –  Алматы қ. Адвокаттар алқасының адвокаты Джохар УтебековАстана қ. Адвокаттар алқасының адвокаттары Аманжол Мухамедьяров және Дмитрий  Куряченко және «Болашак» консалтингтік тобының ғылыми қызметкері Сағидолла Баймұрат.

Д. Утебековтың айтуынша, қазіргі таңда бүкіл еліміздегі адвокаттардың басын қосатын кәсіптік ұйымдарда ұрпақтар ауысуы мәселесі жіті назарда тұр. 

«Республикалық адвокаттар алқасының қатарына кіру кезінде міндетті жарналарды төлеу қажеттілігі адвокаттардың кәсіптік қызметке деген қолжетімділігін шектейді. Кіру жарналарын жоятын заң жобасының қабылдануы жаңа буындағы заңгерлердің адвокаттар алқасына келуін қамтамасыз етеді», – деп өз пікірін белгілі адвокат білдірді.

Өз кезегінде, адвокаттық қызметтегі қазіргі жағдайды жақтаушылар кіру жарнасын сақтау қажеттілігі және тәртіптік практикаға араласуға болмайтындығы жайында бірқатар дәлел келтірді, сондай-ақ спикерлер бір заңда адвокаттар мен заң кеңесшілерін реттеу туралы мәселеге қатысты өздерінің мүлде қарама-қайшы көзқарастарын білдірді.

Клуб отырысына қатысқан аудитория, көбінесе, студенттер заң кәсібіне қазіргі кедергілерді, өздерінің алдағы қызметтеріне бөгет деп көріп, оларды жою идеясын белсенді қолдады. 

Полный фото-отчет смотрите здесь.

Видео-запись трансляции смотрите по ссылке.