Әскери прокуратура қызметкерлеріне арналған практикалық сабақ

КАЗГЮУ-дің Құқық жоғары мектебі Бас әскери прокуратура мен Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасының 20 қызметкеріне оқу жүргізді.

Ү.ж. 26 қазан күні Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен криминалистика кафедрасының оқытушылары К.В. Ким және Р.К. Сатывалдеев КАЗГЮУ-дің криминалистикалық полигонында «Оқиға орнын қарау. Мәйітті қарау» атты практикалық сабақ ұйымдастырды.
Одан басқа, қосымша теориялық сессия барысында кәсіби бағыттағы ең өзекті мәселелер талқыға салынды.
Оқу ҚР Бас әскери прокуратурамен ынтымақтастық аясында ұйымдастырылды.