Legal Week жыл сайынғы кәсіби бағдарлау іс-шарасы

2017 жылдың 20-30 қарашасы аралығында Құқық жоғары мектебі студенттерге арналған Legal Week жыл сайынғы кәсіби бағдарлау іс-шарасын өткізеді.
Биыл Legal Week-ке ең ірі халықаралық заң компаниялары (Reed Smith, McKinsey & Company, GRATA), аудиторлық және консалтингтік компаниялар big four (KPMG, Delloite, EY) қатыспақшы. Бұл компаниялардың жетекші мамандары студенттер үшін қонақ дәрістерін өткізіп, өз компанияларының кадрлық саясаты жайында баяндайды.

Кездесулер кестесін афишалардан қараңыздар.