КАЗГЮУ студенттері Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің мүшелерімен кездесті

«ҚР Конституциялық құқығы» пәнін оқу аясында КАЗГЮУ Университеті Құқық жоғары мектебінің студенттері үшін Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне экскурсия ұйымдастырылды.
Студенттер ҚР Конституциялық кеңесінің қызметімен, оны құру тарихымен және аппарат бөлімдерінің негізгі қызмет бағыттарымен танысты. Кездесуге ҚР КК Төрағасы И.И. Рогов, ҚР КК мүшелері – В.А.Малиновский, У.Ш.Шапак, А.А.Темербеков және ҚР КК аппарат басшысы Б.М. Нурмуханов қатысты.

Кездесу төңірегінде студенттер конституциялық құқық, қылмыстық құқық және мемлекеттік қызмет саласындағы өз білімдерінің жоғары деңгейін көрсете білді.
Аталған шара ҚР КК мүшесі В.А. Малиновский, КАЗГЮУ МҚП кафедра меңгерушісі Ж.Г. Калишева және аға оқытушы А.Б. Нурмагамбетованың қолдауымен өтті.