КАЗГЮУ-да Журналистиканың медиа-мектебі өз жұмысын бастады


Жоба Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен MediaNet халықаралық журналистика орталығының медиа-мектебі кәсіби мен дайындық деңгейі сан алуан, әр түрлі жастағы адамдарға арнап өткізетін тегін тәуелсіз журналистика курстарын білдіреді. Жобаның әріптесі — КАЗГЮУ Университеті.
— Медиа-мектеп заңгер-студенттерімізге практикалық журналистиканың қосымша дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін жоба болып табылады. Ақпаратпен жұмыс істей білу,
фактчекинг — журналистика мен заңтанудағы табысты практиканың негізі, сол себепті біз бұл жобаның Астанадағы ең алғаш әріптесі болғанымызға қуаныштымыз, – деп белгіледі КАЗГЮУ Университетінің Құқық жоғары мектебінің директоры Сергей Пен.