Хабар 24 КАЗГЮУ студенттері жайлы

Соңғы кездері студенттеріміздің халықаралық аренадағы жетістіктері жайлы көп айтылуда. Солардың бірі — Джессоп Кубогы. Джессоп Кубогында заңгерлер арасында үздіктер іріктеледі. Биыл Халықаралық Құқық саласындағы ең беделді сайыс – АҚШ астанасы Вашингтон қаласында өтті. Жарысқа әлемнің 95 елінен 645 команда қатысты.

КАЗГЮУ Университетінің Меморандумы 26-орын алып, әлемнің үздік 50-лігіне енді. Зарина Темірболатова, Мадина Артурова сынды студенттеріміз әлемнің ең мықты 100 спикері қатарынан көрінді.

Қазақстанның намысын қорғап бақ сынаған, КАЗГЮУ студенттеріне Хабар 24 телеарнасы «Білім» бағдарламасын арнап отыр. Эфирдің толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көріңіз.