Қазақстандағы алқабилер сотының дамуы мен жетілуіне көмектесу

M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нде Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен «Қазақстандағы алқабилер сотының дамуы мен жетілуіне көмектесу» атты жобасы төңірегінде өткізетін, тренинг-сессия жүзеге асырылуда. Курс үш кездесуден тұрады: қонақ дәрісі, пікірталас клубының бір отырысы және сот процесін модельдеу. Бұл бағдарламаға қатысу Қазақстан Республикасындағы алқабилер сотының келешегін және оның қызмет ету ерекшеліктерін талқылауға, сондай-ақ бұл саладағы білімді кеңейтуге мүмкіндік береді.

«АЛҚАБИЛЕР СОТЫ: БОЛУ-БОЛМАУЫ?» атты тақырыпқа арналған алғашқы кездесу (қонақ дәрісі) 2018 жылдың 14 қыркүйегінде өтеді. Дәріс барысында әлем мен Қазақстанда институттың қалыптасу тарихы, халықтың сот төрелігіне қатысуының үлгілері, кәсіби судьялардың сот атқаруының алдында алқабилер сотының басымдығы, қазақстандық алқабилер сотының негізгі проблемалары қаралады. Дәрісті алқабилер сотының мәселелері жөніндегі сарапшы, Құқықтық саясатты зерттеу орталығының (LPRC) басшысы Татьяна Зинович оқиды.

Бағдарламаға қатысуға «Қылмыстық-процестік құқық» және «Қылмыстық сот ісін жүргізу жөніндегі практикум» пәндерін оқитын 3 – 4-курс студенттері шақырылады. Үш кездесудің барлығынан табысты өткен студенттерге көрсетілген пәндер бойынша 1 (бір) бақылау іс-шарасы есепке алынады.

Орындар саны шектеулі. Тіркелу үшін 11 қыркүйектен кешікпей сілтеме бойынша нысанды толтыру қажет. Курсқа жазылып, 14 қыркүйекте кездесуге қатысқысы келетін студенттер сабақтан босатылады. Кейіннен кездесулердің уақыты сабақтар кестесі ескеріле отырып, белгіленеді.

Келем деушілер дәріске тыңдаушылар ретінде қатыса алады!

Тіркелу үшін сілтеме.