Құрметті 4-курс студенттері

М.S. Narikbaev atyndagy КАZGUU Universitetі-нің Құқық жоғары мектебі Астана қаласының Полиция департаментімен бірге мамандарды дуальды білім нысанында бірлесіп дайындайтындығы туралы хабарлайды.

Дуальды оқу үлгісі төңірегінде Сіздерге практикалық тәжірибеге ие болу және оқуды бітірген соң ішкі істер органдарында қызмет атқару мүмкіндігі ұсынылады.

Дуальды оқу бағдарламасына қатысқысы келетін студенттер мынадай талаптарға сай болуға тиіс:

– академиялық берешегі болмау керек;
– оқу кезінде академиялық адалдық қағидаларының бұзушылықтары болмау керек;
– полиция органдарында қызмет атқаруға ниеті болуға тиіс;
– қарбалас жұмысқа дайын болуға;
– өз ісіңе бейжай болмауға;
– тіл тапқыш болуға.

Дуальды білім бағдарламасына қатысқысы келетін студенттердің міндеттері

– оқу орнында еңбек тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін, қауіпсіздік техникасының ережелерін және өндірістік тәртіпті сақтауға;
– оқу бағдарламасының талаптарын қатаң сақтауға және орындауға;
– оқу кезінде және оқуды бітіргеннен кейін Астана қаласының Полиция департаменті және оның аумақтық бөлімшелері туралы құпиялы ақпаратты таратпауға;
– теориялық білімді және олардың негізінде кәсіби дағдыларды, машықтар мен құзыреттерді меңгеруге міндетті.

Астана қаласының Полиция департаментінде дуальды білім бағдарламасына қатысқысы келетін студенттер сілтеме бойынша тіркеліп, құқық қорғау қызметінде мол тәжірибеге ие бола алады.

немесе Практика кеңсесінің үйлестірушісі Қ.Е. Рахимбековке жолығуға болады: 8(7172) 70-28-73 (ішкі 1282), 343-каб., e-mail: k_rahimbekov@kazguu.kz