«Құқық қорғау қызметінің айқындылығын күшейту: Қазақстанда электрондық сот ісін жүргізуді енгізу» криминологиялық форумы

2018 жылдың 16 қарашасында M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нде ҚР Бас Прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы және Құқық жоғары мектебі «Құқық қорғау қызметінің айқындылығын күшейту: Қазақстанда электрондық сот ісін жүргізуді енгізу» тақырыбына ұйымдастыратын криминологиялық форум өтеді.

Форумға Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, адвокат қауымдастығының, халықаралық құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар қатысады. Форум барысында қазіргі ахуал және оны жақсарту бойынша шаралар талқыланбақшы.

Университет қызметкерлерінің баяндама жасап, қатысу мүмкіндігі бар. Спикерлердің тізімін қалыптастыру үшін баяндамалардың тақырыптарын o_lozovaya@kazguu.kz мекенжайына жіберуіңізді сұраймыз.

Сондай-ақ Университет студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушылары Форумға тыңдаушылар ретінде қатыса алады. Қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелу қажет.

Форумды өткізу орны мен уақыты: 5-қабат, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы конференц-холл, сағат 10.00-ден бастап 13.00-ге дейін.