Құрметті Ардақ Әлімханқызы!

Құқық жоғары мектебі ұжымы Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Айтулы өмір белесіне Сіз үлкен абырой, зор жетістіктермен жетіп отырсыз. Сіз ғалым-заңгер, заң ғылымдарының кандидаты, доцент дәрежесіне дейін жеттіңіз.

Сіз өзіңіздің саналы өміріңізді еліміздің заң ғылымдарының дамуына үлес қосқан ғалымдардың қатарынан орын алып отырсыз. Қылмыстық құқық және криминология саласының теориялық және әдіснамалық мәселелері бойынша жазылған оқу құралдарыңыз, ғылыми-әдістемелік еңбектеріңіз бүгінгі таңда республикамыздағы заң ғылымдарының дамуына үлкен үлес қосуда.

Өз салаңызда шәкірттер тәрбиелеуде зор жетістіктерге жеттіңіз. Сіздің тікелей басшылық етуіңізбен көптеген магистрлық диссертациялар мен дипломдық жобалар қорғалды. Сіздің тәліміңізді алып, тәрбиеңізден өткен көптеген шәкірттеріңіз жоғары заң оқу орындарында, мемлекеттік қызметтерде, құқық қорғау органдарында қызметтер атқарып жүр.

Құрметті Ардақ Әлімханқызы!

Қуанышқа толы мерейтой үстінде зор денсаулық, туған-туыстарыңызға амандық, өзіңізге шығармашылық табыс, таусылмас шаттық пен мол бақыт тілейміз!