Құқықтанудан республикалық олимпиада

M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti Университеттеріңіздің студенттерін 2019 жылдың 20 сәуірінде КАЗГЮУ-да Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттерінің арасында құқықтанудан өтетін Республикалық пәндік олимпиадаға қатысуға шақырады.

Олимпиадаға құқықтану саласында мамандарды шығаратын заң бейіндегі жоғары оқу мекемелерінің (факультеттерінің) үлкен және бітіруші курстардың студенттері қатыса алады. Бір жоғары оқу орнынан қатысатын студенттердің саны – 5-тен артық емес.

Жол жүру және қонақ үй шығындары жіберуші тараптың есебінен.

Олимпиадаға 2019 жылдың 10 сәуіріне дейін электрондық нысанды толтыру (қосымшадағы сілтемені қараңыз) арқылы тіркелуге болады.

Олимпиаданың өтетін орны: Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 8.

Барлық сұрақтар бойынша немесе қосымша ақпаратты алу үшін Олимпиаданың үйлестірушісіне (Ольга Лозовая) o_lozovaya@kazguu.kz электрондық мекенжайы немесе мына телефон нөмірлері: +7 (7172) 70-30-22, +7 707 770 13 06 бойынша жолығуыңызды сұраймыз.

Тіркелу үшін сілтеме.
Олимпиада туралы ережені мына жерден жүктеп алуға болады.