Құрметті, Әділдіктің күшіне табынушылар, Құқық Жоғары мектебінің студенттері!

Сіздер сондай күрделі, өте үлкен жауапкершілікті талап ететін, сонымен қоса ең беделді мамандықты таңдадыңыздар! Бұл дегеніміз Әделетттілікке, Құқық пен Заңға қызмет ету.

Қазақстан қоғамының күнделікті және саяси өмірінің өзгеруі әрбір тұлғаның көзқарасының қалыптасуының жаңа талаптарын, құқықтық мемлекеттің және оның институттарының тұрғызылуын, әр тұлғаның іс-әрекетін түрлендіреді. Құқықтық мемлекеттің негізгі іргетасы бас-аяғы жинақталған тұтас құқықтық жүйеге негізделеді. Тек құқықтық білім алған азаматтар ғана құқықтық шығармашылықпен айналысып, сот жүйесінде жұмыс істей алады, тек солар ғана құқық қорғау ісінде, құқықтық білім мен тәрбие беру ісінде қызмет етіп, ғылыми құқықтық экспертизалар жүргізіп, тұлғаларға құқықтық көмек көрсете алады.

Заңгерлерге қоғам тарапынан адамгершілік жағынан да, кәсіби шеберлік жағынан да жоғары талап қойылады.

Құқық мамандары Қазақстан мемлекетінің қорғанысында ерекше рөл атқаратын заңның ұлықтылығын және жалпыға міндеттілігін қорғауға , дәріптеуге міндетті. Сондықтан құқықтанушылар, заңгерлер құқық қорғаушылары ретінде заң талаптарын мүлтіксіз орындау мен сақтаудың үлгісі болатындай болуы керек. Құқықтық ар-намыс пен өз шеберлігіне лайық болу сіздердің, заңгерлер қоғамының міндетті борышы!

«M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti» АҚ заман талабына сай келетін, жұмыс берушілердің күткен үмітін ақтап шығатын, құзырлығы жоғары, халықаралық және отандық құқық жүйесінде орнын таба алатын заңгер мамандарын дайындауды мақсат етеді. «M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti» – заңгер мамандарды дайындайтын отандық, ең озық жоғары оқу орындарының бірі.

Деканның өмірбаяны

Пен Сергей Геннадьевич

Туған күні, айы, жылы: 25 қыркүйек 1980.

Ұлты: кәріс

Отбасылық жағдайы: үйленген, екі баласы бар

Заң ғылымының кандидаты, доцент (ЖАК)

БІЛІМІ

Доцент

2011                «Құқықтану» мамандығы бойынша (Қазақстан Республикасы БҒМ Білім мен ғылым саласындағы бақылау комитетінің 4 мамыр 2011 жылғы шешімімен (№4 хаттама)

Заң ғылымының кандидаты

2007                Мамандығы 12.00.09: қылмыстық процесс, криминалистика, жедел-іздестіру қызметі, сот сараптамасы.

Диссертация: «Медиация в уголовном судопроизводстве» («Қылмыстық  сот өндірісіндегі медиация»)

Адъюнктура

2006                Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атын. Қарағанды заң университеті, мезгілінен бұрын аяқталған.

Жоғары заңгерлік

2001                Құқықтану, Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атын. Қарағанды заң университеті; Үздік диплом

КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕСІ

2016-қазіргі уақытта КАЗГЮУ Университеті Құқық жоғары мектебінің директоры (деканы)

2012-2016.     Қазақ гуманитарлық заң университетінің Қылмыстық-процестік құқығы және криминалистика кафедрасының меңгерушісі (ҚазГЗУ)

2014-қазіргі уақытта.         Білім беру сапасын қамтамасыз ету Қазақстандық Тәуелсіз Агенттігінің сарапшысы (БСҚҚТА) – сертификат №116, 05.02.2014 жылдан

2014-2015      Қазақстан Республика Бас прокуратурасы Институтының сарапшысы

2012-2015      КАЗГЮУ ғылыми сараптама және талдау институтының сарапшысы. Орталық және жергілікті атқару органдары заңдарын, нормативтік құқықтық актілерін ғылыми және жемқорлыққа қарсы сараптау.

2010-2012      «Болашақ» Қарағанды университетінің құқықтану факультетінің деканы

2007-2010     Бәрімбек Бейсенов атын. Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институты азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының доценті

2002-2007      Бәрімбек Бейсенов атын. Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институты қылмыстық құқық кафедрасының оқытушысы

2001-2002      Қарағанды қаласы ІІБ Михайлов бөлімі Тергеу бөлімшесінің тергеушісі

ҰЙЫМДАР МЕН БІРЛЕСТІКТЕРДЕГІ МҮШЕЛІК:

Әділ сотқа ықпалдасу халықаралық ассоциациясы

Мүшелік, басталу мерзімі:  шілде 2010

Қазақстан Республикасы Адам құқығы бойынша өкілеттік жанындағы  Үйлестіруші кеңесі

Мүшелік, басталу мерзімі:  желтоқсан 2014 (2016 жылдың желтоқсанына дейін сайланған)

Қазақстандық заңгерлер одағы

Мүшелік, басталу мерзімі:  сәуір 2015

«Нұр Отан» ҰДП жанындағы Құқықтық Кеңес

Кеңес мүшесі, басталу мерзімі:  сәуір 2016

Қазақстан Республикасы Жоғары сот жанындағы Ғылыми-кеңесшілік Кеңесі

Кеңес мүшесі, басталу мерзімі:  сәуір 2016

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАР АЯСЫ:

  • Қылмыстық сот өндірісі
  • Бизнесті құқықтық қорғау
  • Адам құқығы
  • Полиция мен қоғамның өзара қатынасы

ӨМІРБАЯН:

Пен Сергей Геннадьевич, 1980 жылы туған, кәріс, Қарағанды қаласының тумасы. Үйленген, екі баланы тәрбиелеуде. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетінің Қарағанды жоғары мектебіне оқуға түседі (1998-1999 жж. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды Жоғары мектебі) және 2001 жылы үздік дипломмен Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша тамамдайды.

2001 жылдың маусымында бөлу бойынша Қарағанды қаласы ІІБ Михайлов полиция бөлімінің тергеу бөлімшесіне тергеуші қызметіне жіберілген. Аталған қызметте өзін сауатты және тәртіпті маман ретінде таныта алды, бірнеше рет Қарағанды облысы ҚІІБ басшысы мен Қарағанды қаласының әкімі тарапынан ынталандырылған. Сонымен қатар ҚР Ішкі істер министрі мақтау қағазымен, «ҚР ІІМ-дегі үздік қызметі үшін» төс белгісімен және «10 жыл мінсіз қызмет» мерейтойлық медалімен марапатталған.

2002 жылдың қазанынан бастап, С.Г.Пен Бәрімбек Бейсенов атын. Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтының қылмыстық-процестік құқық кафедрасының оқытушысы болып қызмет еткен. 2004 жылдың қарашасында Бәрімбек Бейсенов атын. Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтының адъюнктурасының күндізгі бөліміне түсіп, оны 2006 жылдың қазанында мерзімінен бұрын тамамдаған. 2007 жылдың 13 қаңтарында Бәрімбек Бейсенов атын. Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтының 14.20.07 ОК Диссертациялық кеңесінде «Қылмыстық сот өндірісіндегі медиация» тақырыбында заң ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін 12.00.09 «Қылмыстық процесс, криминалистика, жедел-тергеу қызметі, сот сараптамасы» шифры бойынша диссертация қорғаған. Қазақстан Республикасы БҒМ БҒСБҚК шешімімен «заң ғылымының кандидаты» ғылыми дәрежесі 30.05.2007 жылы берілген.

2008 жылдың қарашасынан 2010 жылдың наурызына дейін Бәрімбек Бейсенов атын. Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтының мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының доценті болып қызмет еткен. Ішкі істер органдарынан майор лауазымында өз ниеті бойынша басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан шыққан.

2010 жылдың 1 наурызынан 2012 жылдың тамызына дейін «Болашақ» Қарағанды университеті Заң факультетінің деканы болып және қылмыстық құқық және процесі кафедрасының доценті болып қызмет еткен. Азаматтық істер бойынша өкілеттікті жүзеге асырған (жеке тәжірибе).

Қазақстан Республикасы БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті шешімімен 2011 жылдың 4 мамырында (№4 хаттама) С.Г.Пенге «Құқықтану» мамандығы бойынша «доцент» атағы берілді.

2012 жылдың тамызынан 2016 жылдың наурызына дейін Қазақ гуманитарлық-заң университеті қылмыстық-процестік құқық және криминалистика кафедрасының меңгерушісі болып қызмет еткен (Астана, ҚазГЗУ).

С.Г.Пен 60-тан астам 120,1 баспа табақ көлемді ғылыми жұмыстардың авторы, оның ішінде 46 жұмыс кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін, 35 мақала, оның ішінде 12 мақала ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарда, 2 монография  (1-еуі авторлықта), 5 оқу құралдары (4-еуі авторлықта) және 1 оқулық (авторлықта). Бұл басылымдар оқу үдерісінде қолданысқа ие.

З.ғ.к., доцент С.Г.Пен – қылмыстық-процестік құқық пен қылмыстық саясат саласында білікті маман. Практик мамандармен белсенді байланыс орнатып, оларға әдістемелік көмек көрсетіп жүреді.

С.Г.Пен ҚР Ішкі істер министрлігінің ҚР Қылмыстық-процестік құқығы жобасын әзірлеудің жұмыс тобына кірген (2012-2013). Қазақстан Республикасы Парламенті деңгейіндегі – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі заңнамаларын талқылау жұмыстарына (Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі), сонымен бірге қылмыстық сот өндірісіндегі сот бақылауды кеңейту мәселелеріне байланысты (Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты) жұмыстарына қатысқан.

OSCE POLIS полицей сарапшылары халықаралық желісінің мүшесі, Қазақстан заңгерлер Одағының мүшесі болып табылады. Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз Қазақстандық Агенттігінің сарапшысы (БСҚТҚА) – 05.02.2014 ж. №116 сертификат.

2014 жылдың қаңтарында Пен С.Г. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 21-2 бабы негізінде Қазақстан Республикасы Адам құқығы өкілеттігі жанындағы Үйлестіруші кеңесінің мүшесі болып сайланды (Омбудсмен) және құқықшығармашылық, адам және азамат құқығын қорғау саласында белсенді сарапшылық қызметпен айналысуда.

2012 жылдың қарашасынан 2015 жылдың қаңтарына дейін КАЗГЮУ ғылыми сараптама және талдау инстутының сарапшысы болған. Орталық және жергілікті атқару органдарының заң жобалары мен олардың тұжырымдамасының, нормативтік құқықтық актілердің  ғылыми және жемқорлыққа қарсы сараптамасының өндірісін жүзеге асырған (шашамен екі жүздей сараптамалық қорытындылар әзірленген).

2014 жылдың қазанынан 2015 жылдың қазанына дейін С.Есқараев атын. Қазақстан Республикасы Бас прокуратура жанындағы Прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру, заңнамалық және құқық тәртібі мәселелері институтының сарапшысы болған.

2015 жылдың қаңтарынан «Құқық» мамандықтары бойынша M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti Жұмыс берушілердің үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалған.

 
Құрметті сайтқа кірушілер!

Жылдам жауап алу үшін сізден өз сұрақтарыңыздың мәнін анық және толық көрсетуіңізді сұраймыз. Сұрақ қоймас бұрын блог материалдарынан өз сұрағыңызға жауап іздеп көруіңіз керек. Сіз іздеген сұрақтың жауабы блогта болуы әбден мүмкін, осылайша қажетті ақпаратты оңай таба аласыз.  Қызметті пайдалану үшін Қатысу туралы келісімді қабылдауыңыз керек. келісім. Керекті бағандарды қажетті мәліметтермен толтырғаннан кейін сізге сұрақ қою мүмкіндігі беріледі. Сұрақтарды жібергеннен кейін сіз өз сұрағыңыздың ағымдық ретін көресіз.

Төмендегі мазмұндағы сұрақтар қарастырылмайды:

    • Жекелеген жағдайларды қоспағанда, анонимдік қалыптағы сұрақтар;
    • Тіл мәдениеті сақталмай жазылған сұрақтар;
    • Оқуға түсініксіз және түсініксіз қысқартулары бар сұрақтар;
    • Сұрақ қойылып отырған адамның құзыретіне қатысы жоқ сипаттағы мәселелерді қозғайтын сұрақтар;
    • Қойылған сұрақтар модератор тарапынан этика нормалары және дұрыс жазу ережелеріне сәйкес түзетілгеннен кейін ғана жарияланады.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТ:

Кабинет № 508 (директор),
Тел.: +7 (7172) 70-30-22 (ішкі 10-51)
E-mail: pen.sergei@kazguu.kz

2 thoughts on “Директор блогы

  1. Мадина

    Здравствуйте, Сергей Геннадьевич. Я являюсь выпускником Казгюу 2017 года, по специальности “Международное право”. Мои первые шаги после окончания вуза в сфере поиска работы все еще продолжаются, и на этом процессе я столкнулась с неграмотностью кадровых отделов и центров занятости. Я узнала, что есть вакансии в областном суде, хотела начать карьеру с молодежной практики. И каково было мое удивление, когда специалисты центра спорили, что моя специальность не подходит для работы в суде,так же и думали в самом суде. Посмотрев на огромное количество предметов (57), в отделе кадров взрослая женщина сказала, что у меня больше международных предметов чем национальных, и я могу работать на таможне. На все мои аргументы они просто закрывали глаза, намекая что не хотят брать меня просто из личных целей. Как бороться с такими неприятностями, как доказать что моя специальность не хуже, если даже не лучше, чем юриспруденция, как доказать что бывают судьи мп-шники в казахстане? Я не знала на какие источники ссылаться, поэтому обращаюсь к вам с просьбой помочь.

    p/s. Но одно я могу сказать точно, диплом Казгюу все таки вызывал у них восхищение и уважение.
    Спасибо большое.

    Reply
    1. Сергей Пен

      Здравствуйте, Мадина!

      Действительно, компетентность некоторых сотрудников гос.органов на низком уровне и, видимо, требует специального разъяснения.

      В связи с изложенной Вами ситуацией предлагаем следующий вариант – дайте точные данные председателя суда (ФИО, регион – в ответном письме на данный адрес), в котором Вы столкнулись с такой проблемой и мы направим соответствующее разъяснение. Кроме того, копию данного письма мы направим также Руководителю Администратора судов и в Департамент по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде, которым подчиняются все сотрудники аппаратов местных судов, чтобы исключить подобные ситуации в будущем и попытки искусственно принизить роль и уровень нашего диплома.

      Спасибо за обращение, ждем Вашего ответа.

      С уважением, Пен С.Г.

      Reply

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *