Кафедраның филиалын құру мақсаты – білікті мамандарды даярлауды жақсарту, оқу процесінің тәжірибелік бағытын күшейту, сонымен қатар ортақ ғылыми зерттеулерді және олардың нәтижелерін өндіріске енгізу болып табылады.

Өндірісте кафедраның филиалы кафедраның оқу-ғылыми бөлімшесі болып табылады. Филиалдың жұмысы ұйымның базасында жүргізіледі, филиал штаты кафедраның және ұйымның қызметкерлерінен құрылады.

Кафедра филиалының материалдық-техникалық базасы оқу процесін қамтамасыз етуге және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажет және Ұйымның Университетпен бірлесіп құрылады және жетілдіріледі.

Филиал ұйымның өндірістік қызметі облысында кафедраның пәндері бойынша оқу-әдістемелік жұмысты жүргізеді.