Үлескерлер

Біздің қорымызда тағы бір жеңіс! Бұл жолы біз даудың бұрын болмаған негіздемесіне тап болдық – заңсыз баю.
Зейнеткер Даулетбаева Алтынкүл (тұрақты клиентіміз) 2015 жылдың қыркүйек айында Пай жарнасы туралы шарт бойынша «Ортақ үй» ПК-ға алғашқы жарнаны енгізді. Алайда «сценарий бойынша» ПК шарт бойынша өз міндеттемесін орындамаған және үлестік құрылыс бойынша мыңдаған істерде секілді бұл жағдай қайталанған сияқты болды.

KAZGUU Law Clinic аға заңгері Елипат Нұрполат талап қою арызын дайындап, дауға қатысты шешім шығарылғанша клиентке консультацияларды беріп отырды.

Нәтижесінде талаптар толықтай қанағаттандырылды. Енді сот шешімінің заңды күшіне енуін күтудеміз!

Даулетбаева Алтынкүлді студенттеріміздің көмегімен кезекті Жеңіспен құттықтаймыз!

Шарт жасасқанда сақ болыңыздар.

Күмән туындаған кезде, 8 (7172) 70 30 46 телефон нөміріне хабарласыңыз, біздің мамандар әрқашан консультация беруге дайын.

Пәтерді жалға алу

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Kazguu Law Clinic халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарының мүдделерін құқықтық қорғау мәселелерінде жаңа деңгейге шықты!

Егер бұрын біз заң көмегін заң құжаттарының мәтіндерін дайындау және тараптардың татуласуына қатысу арқылы жүзеге асырған болсақ, қазір біз кейбір жағдайларда сотта толық өкілдікті іске асыра бастадық.

Бүгін Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында сенім білдірген адамның ісі бойынша басты сот отырысы өткен.

Заң клиникасының тағылымдамадан өтушілерінен басқа бұл іске менің көмекшілерім ретінде Moot Court пәні аясында дағдыларын бекітіп жатқан 4-курс студенттері қатысты.

Мінекей, бұл нағыз практикаға бағытталған білім. Нәтижесінде – мәлімделген талаптардың толықтай қанағаттандырылуы, оның ішінде жалдау шартын бұзу, пәтерден шығару, толық қарыз сомасы және заңды тұрақсыздық айыбы, жөндеуге, сатып алынған техникаға соманы есептеу бөлігінде жауапкерге берілген жауап (оған қатысты біз күрделі емес, ал ағымдағы жөндеудің орын алғанын дәлелдедік) және басқа да шығындарды жүзеге асыру. Біз Жауапкер орын алған шығындардың және Талапкердің орындамаған деп келтірген дәлелдемелері ретінде ұсынған материалдардың барлығын жоққа шығардық. Жауапкер тарапынан жеке ұйғарымдарды шығару туралы өтінішхаттарының негізсіз екенін дәлелдедік, Талапкер өкілдерінің пәтерге кіру әрекеттерінің заңсыз екенін жоққа шығардық.

Бір қарағанда, оңай болып көрінетін істің күтпеген кедергілері көп болды, біз олардың барлығын бірте-бірте жеңдік.
Сот шешімінің заңды күшіне енуін күтудеміз!

Kazguu Law Clinic командасы өзінің алғашқы сот жобасын табысты аяқтады!

Естеріңізге сала кетейік, M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің Заң клиникасы халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарына өтеусіз негізде заң көмегін көрсетеді және консультация береді.

Жұмысқа қайта қабылдану

Қарашаның басында бізге А.С. Даулетбаева жолыққан еді, ол жұмыстан заңсыз шығарылғаны туралы және оның себебі ретінде жұмыс жасаған ұйым басшысының жеке жақтырмағаны болды деп хабарлады.

Бұл ретте, Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықта негіздеме ретінде ҚР ЕК 52-бабы 1-тармағының 8) тармақшасы көрсетілген еді – жұмыскердің бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмауы. Алайда Алтынкүлдің айтуынша, осы ұйымда жұмыс істегелі ол жұмыстан қалып көрген емес, керісінше демалыс және мереке күндері жұмысқа және үстеме жұмысқа үнемі тартылған еді. Осы дауды шешу үшін келісу комиссиясы құрылып, оның шешімімен Алтынкүлдің талаптары қабылданбапты.

Істің мән-жайларын зерттеу және заң көмегін көрсету үшін мобильді топ құрылып, оның құрамына 3-курс студенттері Абильтусупова Айгерим, Уразбаева Макпал және клиниканың басшысы Бабаджанян Естер кірген.

Студенттер анықтағандай, Бұйрықта көрсетілген негіздеме бойынша еңбек шартын бұзу рәсімі сақталмаған. Бұл негіздеме бойынша шартты бұзу ҚР ЕК 53-б. 6-тармағында және 65, 66-баптарында көзделген, тәртіптік жаза қолдану тәртібінің сақталуымен жүргізіледі.

Жұмыс беруші тарапынан бұл іс-әрекеттер жасалмаған және тәртіптік жаза қолдану туралы акт жұмыскерге мерзімдері бұзылып жіберілген.

Одан кейін мобильді топ жұмысқа келмеу фактілерінің болмауын және жұмыскердің жұмыстан қалмағанын растайтын дәлелдемелерді жинай бастады. Бұл жерде бір ғана мүмкіндік болды – куәның айғақтары. Алайда позицияны күшейту үшін Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына және Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы прокуратурасына хаттар дайындалып, бұл мекемелерден кейіннен сотқа ұсыну үшін қорытындылар келіп түскен.

Нәтижесінде сотқа мынадай талаптармен талап қою арызы дайындалды:

1) талапкерді жұмысқа қайта алу;

2) амалсыз бос жүрген уақыты үшін жауапкерден орташа жалақыны өндіріп алу;

3) келтірілген моральдық зиян үшін жауапкерден өтемақыны өндіріп алу.

Күні кеше Астана қ. Сарыарқа аудандық сотының шешімімен талап қою арызы толық көлемде қанағаттандырылды.

Тұрғын үй мәселелері

2017 жылдың 22 қарашасында КАЗГЮУ-дің заң клиникасына сексен жастағы Рыспекова Мария Жумабековна талап арызының көшірмесін ғана ұсынып, өз бетімен салынған қойманы бұзу туралы іс бойынша сотта өзінің мүдделерін білдіру туралы өтінішпен жолықты.

Мария Жумабековнаға қарсы талапты бұрын жауапкер тұрған «Абылайхан» тұрғын үй кешеніне қызмет көрсетуші ұйым шығарды. Кезінде Мария көршілердің ауызша келісімін алып, қойма жасаған, алайда пәтерін сатқаннан кейін ұзақ уақыт бойы ауырып және егже жасына байланысты жеке заттарын әкетуге және қойманы бұзуға үлгермеді. Көрсетілген жағдайда ең дұрыс амал, әрине, талап қоюшымен татуласу келісімін жасасу және дәл осылайша мемлекеттік бажды және істің жүргізілуіне байланысты шығындарды төлеу міндетінің жауапкерге жүктелуін болдырмау болды.

Талаптың қанағаттандырылатыны анық болды, себебі қойма заңсыз салынған еді. Алайда М. Рыспекова үшін уақыт өте маңызды болды, өйткені «ақылға қонымды мерзімде» оның қойманы бұзуға мүмкіндігі болмады.

Бастапқыда біз талап қоюшымен келіссөздерді ұйымдастыру үшін сот отырысының уақытын өзгерту туралы өтінішхат жаздық.

Талап қоюшының өкілі татуласу келісімі бекітілген күннен бастап 10 күн ішінде бұзылған жағдайда ғана оны жасасатындығын айтқан, алайда Мария Жумабековнаның науқас болуына байланысты бұл мерзім біз үшін қолайсыз болды.

Енді бір амал ғана болды – сот отырысының орындалуын кейінге қалдыру туралы өтінішхат беру.

Біз Аман Арайлыммен бірге өтінішхаттың және талап қою арызына пікірдің мәтінін дайындап, Мария Жумабековнаның өкіліне бердік.

Өкінішке орай, студенттер сотта клиенттердің мүдделерін білдіре алмайды. Сондықтан отырыс болатын күні сотқа біздің жетекшіміз Эстер Левоновна барып, отырыстың басталуына санаулы минут қалғанда, істің барлық материалдарымен танысып, Талап қоюшының тұрғын үйдің басқарушы ұйымы емес, ал небәрі қызмет көрсетуші компаниясы екенін анықтады. Дәл сол мезетте талап қоюшының талап арызды тиісінше бермегені туралы мәлімдеме жасалды.

Соттың шешімімен талап арызды қанағаттандырудан бас тартылды!

Біз Мария Жумабековна үшін қымбат уақытпен бірге, қосымша шығындардан құтылу мүмкіндігін де ұттық.

Ең соңында барлық заңгерлерге айтарымыз: БАРЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРМЕН ТАНЫСПАҒАНША, ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУҒА АСЫҚПАҢЫЗДАР!!!

Ипотекалық қарыз

2017 жылдың 21 қыркүйегінде КАЗГЮУ-дің Заң клиникасына ипотекалық несиелендіру шарты бойынша ссудалық берешекті өндіріп алу туралы іс бойынша азаматтық істе өзінің мүдделерін білдіру туралы өтінішпен Жанибек Жанар Жагибековна жолықты (деректері өтініш берушінің келісімімен көрсетілді).

Анықталғандай, 2006 жылы Жанар “…” банкімен шетел валютасында банк қарызы шартын жасасып, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ретінде Банкке кепіл ретінде жылжымайтын мүлкін (тұрғын үйді) берген екен.

2015 жылы жұмысынан айырылғанына байланысты Жанар кестеге сәйкес ай сайынғы төлемдерді төлей алмай қалды. Ал 2016 жылдың қаңтар айында қайта қаржыландыру күніне қарай валюта бағамы бойынша (1$ – 360 тг.) ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландырды (валютаны теңгеге ауыстырды). Дәл осылайша, ай сайынғы төлемдердің мөлшері екі есе ұлғайды. Уақытша жұмыссыз қалған Жанар жалғызбасты ана болғандықтан, бір жыл бойы қарызын төлей алмады. Банк талап арызымен сотқа жүгінді.

Біздің мақсатымыз мынадай болды – Жанардың жалғыз үйінен айырылып қалуына жол бермеу.

Клиниканың жетекшісі Бабаджанян Естер Левоновнаның басқаруымен Заң клиникасының студенттері Талап Маржан (Заңтану, 3-курс), Кабылов Болат (Құқық қорғау қызметі, 3-курс) ұсынылған материалдардың және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларын қоса алғанда, тиісті НҚА барлығын қарап шықты. Қалыптасқан жағдайдың бір амалы сотқа дейінгі реттеу мақсатында Банк, клиент және Ұлттық Банк арасында үш жақты кездесуді ұйымдастыру болды.

2017 жылдың 26 қыркүйегінде құрамында Бабаджанян Естер Левоновна мен Кабылов Болат (3-курс студенті) бар мобильді топ өтініш берушімен бірге Ұлттық

банк филиалының ғимаратында өткен үшжақты кездесуге шықты, кездесу филиал директорының және оның орынбасарының қатысуымен өтетін болды.

Жүргізілген келіссөздер нәтижесінде ай сайынғы төлемдердің сомасы екі есе азайтылып, несиені қайта құрылымдау қажеттілігі заң тұрғысынан негізделді және дәл осылайша, кепілген салынған мүлік өндіріп алынбайтын болды.

ҚР Ұлттық Банкі филиалының директоры заң клиникасы қызметкерлерінің жоғары біліктілігін бағалап, халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарына заң көмегі бойынша жүргізілген жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол мақсаттарымыз бен міндеттерімізді жүзеге асыру бойынша әрі қарай белсенді қадамдарды жалғастыратынымызға үмітін білдірді.

Заң клиникасында мұқтаж жандардың мүдделерін білдіру бойынша биылғы алғашқы жеңісіміз заң клиникасының барлық қызметкерлерін әрі қарай жұмыс жасауға қуаттындырды!

P.S. Ал біз тегін заң консультацияларды әр дүйсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері сағат 10.00-ден бастап 18.00-ге дейін KAZGUU Unıversıteti-нің ғимаратында (120-каб.) беретінімізді еске саламыз.

Жалақыны өндіріп алу

2017 жылдың 1 наурызында KAZGUU Unıversıteti-нің Заң клиникасына өзінің бұзылған еңбек құқығын қалпына келтіру туралы өтінішпен Умушканова Жанна Умурзаковна жолықты (деректерін көрсетуге келісім берді).

Анықталғандай, Жанна еңбек шартын жасаспай, екі қоғамдық тамақтану орнында ыдыс жуу бойынша міндеттерін орындап жүрген. Жұмыс шарттары және 70 мың теңге құрайтын жалақысы туралы ауызша келіскен. Әңгіме барысында бірінші жұмыс берушінің банкроттыққа ұшырағаны, ал екінші жұмыс беруші 10 мың теңге көлемінде ақша төлеп, жалақысын төлемей жүргені белгілі болды. Еңбек құқықтары бұзылғаннан бастап клиникамызға жолыққанша 1 ай 12 күн өткен.

Өтініш берушінің мақсаты айқын болды – жосықсыз жұмыс берушілерден өзінің жалақысын алу.

Заң клиникасының студенттері Тоғызбаев Дархан (Заңтану, 3-курс), Хузин Руслан (Заңтану, 3-курс) оқытушылардың қатысуымен (Тастанова Малика Мейрамбековна (клиника басшысы), Асанов Азамат Ерланович (Азаматтық құқық кафедрасының аға оқытушысы) өтініш беруші өзінің еңбек міндеттерін жүзеге асырғанын растайтын куәларды анықтады.

Нәтижесінде, жұмыс берушінің тарабымен келіссөздерді жүргізу арқылы Заң клиникасының қатысушылары дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттеді! Жанна 56 600 теңге мөлшерінде жалақысының қалған сомасын алды.

Осындай мысалдар жігерлендіреді, себебі заңды білу және мұқтаж жандардың құқықтарын қорғауға деген ұмтылыс әлемді қалай жақсарта алатындығын және сот арқылы дауласпай дауды қалай шешуге болатынын көрсетеді.