Құқық жоғары мектебі (әріқарай – ҚЖМ) 1994-ж. 29 қарашада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақ мемлекеттік заң институтының ректорының бұйрығымен кәсіпкерлік құқық факультеті және құқық қорғау органдары факультеті ретінде құрылған.

1990-2000 жылдар ҚЖМ үшін ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындау, ғылыми ізденіс жұмыстарында түбегейлі өзгерістер енгізіп, оны жетілдіру, оқыту-тәрбиелік үрдісті жақсарту және материалдық базаны нығайту ісіндегі қарқынды даму жылдарына айналды. Құқықтық мектеп дәстүрлерін Таукелев А.Н., Ударцев С.Ф., Баймаханов М.Т., Зиманов С.З., Өзбекұлы С., Нурпеисов Е.К., Ащеулов А.Т., Джекебаев У.С., Жиренчин К.А., Андабеков Ш.А., Уваров В.Н., Когамов М.Ч., Каудыров Т.Е. және т.б. сынды көрнекті ғалым заңгерлер жалғастырып, нығайта түсті. Жоғары оқу орнының осы және басқа да профессорларының еңбектеріне бола еліміз үшін ғылыми кадрлар дайындау, оқулықтар мен оқу құралдарын шығару, аспиранттар мен тәжірибеші-заңгерлер оқыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.

2005 жылы Құқық жоғары мектебінің жетекшілігіне заң ғылымдарының докторы, профессор Сейтенов Қалиолла Кабаевич келді.

2010 жылдың желтоқсан айынан бастап 2016 жылдың наурыз айына дейін Құқық жоғары мектебін заң ғылымдарының докторы, профессор, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы саласындағы маман Шапақ Унзила Шапаққызы басқарды.

2016 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгі таңға дейін Құқық жоғары мектебіне заң ғылымдарының кандидаты, доцент Сергей Геннадьевич Пен жетекшілік етуде.

2010 жыл ҚЖМ үшін де, тұтас университет үшін де түбегейлі өзгерістер жылы болды. 2010 ж. 13 шілдесінде кәсіпкерлік құқық факультеті мен құқық қорғау органдары факультеті ректор бұйрығымен біріктіріліп, Ұлттық құқық (сот төрелігі, адвокатура, кәсіпкерлікқұқық) жоғары мектебіне өзгертілсе, ол өз кезегінде, 2011 жылы Ұлттық құқық жоғары мектебіне, ал 2014 жылы Құқық жоғары мектебіне ауыстырылған.

Құқық жоғары мектебі 5В030100 «Құқықтану», 5В030200 «Халықаралыққұқық», 5В030300 «Құқыққорғауқызметі» мамандықтары бойынша тәлімгерлер дайындайды.

Құқық жоғары мектебінің құрамында келесі кафедралар қызмет атқарады:

– мемлекеттік құқықтық пәндер кафедрасы;

– азаматтық және азаматтық іс-жүргізу кафедрасы;

– қылмыстық, қылмыстық атқару құқығы және криминологиясы кафедрасы;

–қылмыстық ісжүргізу және криминалистика кафедрасы;

–халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы.

Жоғары мектеп қызмет еткен жылдар бойында мыңнан аса жоғары білікті мамандар дайындықтан өтті. Мектеп түлектері Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық құрылысына, әділет және сот жүйесі органдарының жұмысына, адвокатура мен нотариаттың дамуына, сол сияқты құқықтық ғылым мен білімнің ілгері дамуына елеулі үлес қосты. Жоғары оқу орнының көптеген түлектері әруақытта жауапты мемлекеттік лауазымдарда болды:

  • Жумагалиев Аскар Куанышевич Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі;
  • Бекетаев Марат Бакытжанович Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы;
  • Дуйсенова Асель Ериковна Қазақстан Халықаралық Арбитражының атқарушы директоры, Каспий қоғамдық университетінің Жеке құқық ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері;
  • Тайжанов Азамат Айтбаевич Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Егінді көл ауданының әкімі;
  • Питраков Владимир Юрьевич «Біртұтас жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры;
  • Ахметзакиров Наиль Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы департаментінің бастығы;
  • Жармухамбетов Беклан Әділханұлы Жамбыл облысы Талас аудандық сотының судьясы;
  • Рақышев КеңесХамитұлы, «GenesisAngels» жаһандық венчурлық қордың негізін қалаушы;
  • Лепесбаев Алмас Муратович «ҚТЖ ҰК» АҚ Экономика және қаржы бойынша вице-президенті;
  • Самат Даумов «GRATA Қазақстан» басқарушы серігі, Астана қаласы филиалының директоры, Қостанай және Өскемен қалаларындағы уәкілі;
  • Берик Сакбайулы Арын Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және уәкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Морокко Патшалығындағы Төтенше және уәкілетті елшісін қоса атқарушы;
  • Оспанов Ербол Аманжолович «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» Ұлттық ғарыш орталығының Құрылыс және пайдалану бойынша вице-президенті;
  • Вагапов Данияр Валерьевич Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитетінің Төрағасы;
  • Ертуганов Кайрат Базаркелдиевич Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитетінің Төрағасының орынбасары және т.б.

Бүгінгі таңда ҚЖМ Қазақстандағы құқықтық ғылымды дамыту және жоғары білікті заңгер мамандар дайындайтын ірі орталықтардың бірі және классикалық құқықтық білім берудің үздік дәстүрлерін білім берудің қазіргі заманға сай технологияларымен үйлестіреді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ЖОО рейтингісінде Құқық жоғары мектебі жетекші орын алады.