Миссиясы

Құқық саласындағы озық білімді жинау және Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін дамыту және нығайту үшін жоғары білікті кадрларды даярлау.

M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің «Сапалы және қолжетімді білімді ұсынып, халыққа қызмет ету» миссиясын жүзеге асыруда Құқық жоғары мектебі инновациялық, құзыреттіліктерге бағдарланған білім беру және зерттеу қызметін жүзеге асыруға өз үлесін көреді.

Пайымы

Құқық жоғары мектебі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік-құқықтық дамуына зор үлес қоса алатын заңгерлердің жаңа буынын даярлау көшбасшысы.

Біз академиялық және кәсіби қауымдастықтың және жалпы қоғамның алдындағы жауапкершіліктің жоғары дәрежесін мойындаймыз.