Жоғары құқық мектебінің кәсіби практика, мансап және жұмысқа орналастыру кеңсесі (ҚЖМ КПМЖОК) жұмыс берушілер кеңесінің жұмыс органы болып табылады.

ҚЖМ КПМЖОК мақсаты   студенттердің, түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін мансап жоспарын құруға, практикалық дағдылар мен кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға көмек көрсету.

ҚЖМ КПМЖОК міндеттері:

  • Ішкі құжаттарды жүргізу мен студенттер практикасының базасы ретіндегі кәсіпорын (ұйым, мекеме) жетекшілерімен келісімшарт жасасу жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Тиімді кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізу жүйесіне бағытталған қызметті ұйымдастыру;
  • Түлектерді жұмысқа орналастыру үшін билік органдарымен, соның ішінде мемлекеттік қызметтің аймақтық органдарымен, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, білім бөлімдерімен, жастар саясаты және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктермен, өзара тиімді әрекет ету;
  • Түлектердің жұмысқа орналасуы үшін сайтта даярлық бағытына (мамандығына) сәйкес жұмыс берушілер тарапынан ұсынылатын және түлектердің жеке ерекшеліктері мен кәсіби құзыреттіліктері жөніндегі мәліметтерді қамтитын іздеушілерге арналған бос орындар банкін құру және орналастыру;
  • Жұмыс берушілермен бірлесіп студенттерді жұмысқа тұруда жетістікке жеткізетін заманауи бәсекеге қабілетті маманның кәсіби дағдылары мен технологияларына, жұмысқа орналасу кезінде өзін-өзі тиімді таныстыру тәсілдеріне, жұмыс берушімен сұхбаттасу ережелері мен түйіндемелерді ережелерге сәйкес құруды үйрету;
  • Студенттер мен түлектерге болашақ еңбек қызметін анықтауға көмектесетін бос орындар жәрмеңкесін, мансап күндерін, треннингтер мен жұмыс берушілердің презентацияларын т.б. потенциалды жұмыс берушілермен іс-шаралар өткізу;
  • Жұмыс берушінің сұранысы бойынша бос қызмет орындарына кадрлар дайындау, практикаға үміткерлерді іріктеу, сұхбаттар жүргізу;
  • Студенттер, университет түлектері, университет пен жұмыс беруші ұйымдар арасында тікелей байланыс орнату;
  • Мемлекеттік билік органдары, коммерциялық емес ұйымдар мен коммерциялық компанияларға сүйенетін еріктілерді қолдау мен тиімді қызмет ету жүйесін дамытуға көмек көрсету;
  • Жұмыс берушілердің бакалавриат бағыттары бойынша дайындалатын мамандардың құзыреттілігіне қоятын талаптарының өзгерістерін қадағалап отыратын еңбек нарығына талдау және мониторинг жасау, түлектердің жұмысқа орналасуы жөніндегі нәтижелер бойынша мәліметтерді жинау, есепке алу және жалпы ақпараттар даярлау.

ЖҚМ КПМЖОК құрамы      

1.Дёмин Сергей Анатольевич, «5В030100-Құқықтану» мамандығы бойынша үйлестіруші

  1. Мухамеджанова Дана Утегеновна, «5В030200-Халықаралық құқық» мамандығы бойынша үйлестіруші
  2. Рахимбеков Кайрат Елимесович, «5В030300-Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша үйлестіруші

ЖҚМ КПКМЖ жұмыс уақыты

Дүйсенбі – жұма: 9.00 ден 18:30 сағатқа дейін

Біздің байланыстар:

 

«5В030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша кәсіби практика, мансап және жұмысқа орналастыру кеңсесінің үйлестірушісі  –

«5В030300 Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша кәсіби практика, мансап және жұмысқа орналастыру кеңсесінің үйлестірушісі   – Рахимбеков К.Е.

Email:k_31@mail.ru

«5В030200 Халықаралық құқық» мамандығы бойынша кәсіби практика, мансап және жұмысқа орналастыру кеңсесінің үйлестірушісі –

Астана, шоссе Қорғалжын, 8, M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti, офис 340

Тел.: +7 (7172) 70-28-73