«Детектив» ғылыми-тәжірибелік клубы (клуб) M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti Құқық жоғары мектебінің Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасының негізінде қызмет істейді. Клуб «M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti» АҚ және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында Астана қаласының Ішкі істер департаментімен (ІІД) бірлесіп ашылды.

«Детектив» ғылыми-тәжірибелік клубы Жоғары мектептің құқыққолдану қызметіндегі басқа салалармен ынтымақтасудың маңызды нысаны болып табылады және білікті мамандарды даярлау сапасын арттыру, оқу процесінің тәжірибелік бағытын күшейту, бірлескен ғылыми зерттеу жүргізу және өндіріске ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін енгізу мақсатында құрылады.

Клуб құрамына студенттер, оқытушылар және кафедраның ғылыми қызметкерлері, сонымен қатар қйымның білікті қызметкерлері кіреді.

Клубқа жалпы басшылықпен, оның қызметіне кезеңдік бақылауды кафедраның меңгерушісі жүзеге асырады.

 

«Детектив» ғылыми-тәжірибелік клубының 2015/2016 оқу жылына жоспары

 

Отырыстың күні Отырыстың тақырыбы
12.11.2015 1. Құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органдар жүйесіндегі полиция.

2. Астана қ. ІІД органдарының және оның құрылымдық бөлімшелерінің құрылу тарихы.

26.11.2015 1. Тергеушіде дербестік бар ма? Жедел уәкіл деген кім? Учаскелік инспектор кім және тергеп-тексеруде оның рөлі?

Тергеуші ішкі істер органдарының жүйесінде.

2. Тергеушінің және басқа лауазымды тұлғалардың әлеуметтік пакеті.

Жедел қызметкерлердің әлеуметтік және басқа да кепілдері.

03.12.2015 1. Маньяктың ізі бойынша. Сериялық қылмыскердің бейнесінің криминологиялық және криминалистикалық аспектілері.

Астана қ. ІІД мысалында даулы қылмыстарын зерттеу.

2. Оқиға болған жердегі іздер, оларды іздеу, анықтау және бекіту.

22.12.2015 1. Қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық көзқарас жағынан салттық қылмыстар.

Астана қ. ІІД мысалында даулы қылмыстарын зерттеу.

2. Қылмыстарды тергеп-тексеру кезіндегі қолданылатын техникалық-криминалистикалық құралдар (полиграф, тергеулік жол сандық (чемодан), «Папиллон» жүйесі, оқ-, гильзотека және т.б.).

08.01.2016 1. Криминалдық субмәдениеттің криминалистикалық мәдениеті. Астана қ. ІІД мысалында ҰҚТ (ұйымдасқан қылмыстық топ) және басқа да бандалық топтар қызметінің құрылуын, ашу және жолын кесуді зерделеу.

2. Қару қылмыс құрамының элементі ретінде.

22.01.2016 1. Қорғалуға құқық бар ма. Миранда ережесі, ұстауды заңсыз жүргізу, жақындауға тыйым салу.

2. Астана қ. ІІД мысалында қылмыстық процестегі мәжбүрлеу шаралары мен бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы: теория және тәжірибе, қолдану мәселелері.

04.02.2016 1. Оқиға болған жерді тергеп-тексеру.

2. Мәйітті қарап-тексеру.

Астана қ. ІІД мысалында тергеу әрекетін зерделеу.

25.02.2016 1. Жауап алу.

2. Беттестіру.

Астана қ. ІІД мысалында тергеу әрекетін зерделеу.

11.03.2016 1. Үлгілер мен құжаттарды беру.

2. Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу.

Астана қ. ІІД мысалында тергеу әрекетін зерделеу.

25.03.2016 1. Тергеу эксперименті.

2. Жасырын тергеу әрекеттері.

Астана қ. ІІД мысалында тергеу әрекетін зерделеу.

08.04.2016 1. Сараптаманы тағайындау және жүргізу.

Астана қ. ІІД мысалында тергеу әрекетін зерделеу.

22.04.2016 Іс бойынша өндірістің аяқталуы. Сотқа істі жіберу.
06.05.2016 1. Қорытынды шығару.

2. Ұсыныстарды әзірлеу.

3. 2016-2017 оқу жылына жұмыс жоспарын бекіту.