КАЗГЮУ университеті Құқық жоғары мектебі түлегінің профайлы

Құқық жоғары мектебінің түлегі жетілген тәжірибелік дағдылары мен дамыған құқықтық сана, құқықтық ойлау және құқықтық мәдениет негізінде кәсіби қызметін тиімді жүзеге асыруға қабілеттілігімен ерекшеленеді. Құқық жоғары мектебінің түлегі өзінің кәсіби құзыреттілігін көтеру мақсатында өздігінен білім алуға, өзіндік дамуға ұдайы талпынады.

КАЗГЮУ университеті түлегінің жеке құзыреттіліктері:

− Адалдық және дербес жауапкершілік көтеру алу қабілеттілігі;

− Стратегиялық және тәуелсіз ойлау және жоғары мақсатқа талпынушылық;

− Мәдениетаралық ортада өз бетінше жұмыс жасай алу икемділігі;

− Команда құра білу және командада тиімді жұмыс жасай білу;

− Өздігінен ойластырылған шешім қабылдау және бұл шешімдердің болуы мүмкін салдарын бағалай білу қабілеттілігі;

− Адамның адамға, қоғамға, қосымшада кәсіби қызмет қоршаған ортасына қатынастарды реттейтін құқықтық және этикалық нормаларды түсіну, насихаттау және қолдану;

−Этикалық және моральдық қағидаттар призмасы арқылы әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени үдерістерді бағалау қабілеттілігі;

− Кәсіби және тұлғааралық қарым-қатынас аясындағы коммуникативті құзыреттілік.