KAZGUU-дің заң клиникасы – бұл өз алдына заң көмегін көрсету және бұл көмекке мұқтаж азаматтарға тегін консультация беру секілді мақсатты қойған студенттердің қауымдастығы. Қызметіміздің ерекшелігі – екі жақтың өзара көмектесуі. Бір жағынан, белсенді студенттер халыққа көмектесіп, оның құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді және құқықтық насихаттауды жүзеге асырады, ал екінші жағынан, клиенттер студенттерге қажетті тәжірибе алуға және кәсіби дағдылар мен құзыреттерге ие болуға көмектеседі.

Миссиямыз:
Сапалы заң көмегін тегін ұсыну арқылы халыққа қызмет ету және оның құқықтық сауаттылығын арттыруға көмектесу.

Мақсатымыз:
Халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарына тегін құқықтық консультацияларды ұсыну және заң көмегін көрсету, халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін және құқықтық санасын көтеру, сондай-ақ заң клиникасының тағылымдамадан өтушілерінің өз кәсіби дағдыларын жетілдіруі.

Міндеттеріміз:
1) азаматтарға тегін заң консультацияларды ұсыну;
2) халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарына заң көмегін көрсету;
3) халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін және құқықтық санасын көтеру;
4) заң клиникасының тағылымдамадан өтушілерінің өз кәсіби дағдыларын жетілдіруі.

Қызмет ету принциптері:
1) заңдылық
2) алқалылық
3) біліктілік
4) қайтарымсыздық

Қызмет түрлері және ынтымақтастық:
1) құқықтық консультациялар және заң құжаттарының жобаларын дайындау, оның ішінде процестік;
2) сотқа дейін өкілдік ету;
3) ерекше жағдайларда халықтың әлеуметтік қауқарсыз санаттары үшін сотта өкілдік ету;
4) Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотымен пилоттық жобаны жүзеге асыру;
5) «Адал ниет» қорымен ынтымақтастық;
6) Аналар үйімен ынтымақтастық;
7) жастардың стартап-жобаларын құқықтық сүйемелдеу;
8) елорданың сауда-ойын-сауық орталықтарында ауқымды консультациялар;
9) тегін құқықтық консультацияларды ұсыну бойынша республикалық акцияларға қатысу.

Командамыз:

  • Менеджерлер – Құқық жоғары мектебінің 1-курс студенттері;
  • Тағылымдамадан өтушілер – Құқық жоғары мектебінің 2-курс студенттері;
  • Заңгерлер – Құқық жоғары мектебінің 3-курс студенттері;
  • Аға заңгерлер – Құқық жоғары мектебінің 4-курс студенттері;
  • Сарапшылар – ҚЖМ оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттары.