«Құқықтану» мамандығындағы Құқық жоғары мектебі практиканттарының пікірлері
Ода о КАЗГЮУ

Среди казахстанских вузов,
Выделю всего один,
Тот,с которым крепки узы,
Тот, что больше всех любим.

Каждый день как будто праздник,
Светла к знаниям дорога,
Нет здесь дней однообразных,
Хоть трудна порой учеба

Если к знаниям стремишься –
Не замкнись на интернете,
Образованным тот будет,
Кто бывал в библиотеке.

В жизни каждому возможность
Выпадает там и тут,
И поймать её несложно,
Чуть внимательней, мой друг.

Для спортсменов здесь просторный,
Современный, стильный зал,
Оснащен зал тренажерный,
Каждый часто там бывал.

Секции по интересам,
Клуб дебатный и кружки …
Разве кто-нибудь поспорит?
Лучше места не найти!

Как? Еще не называла?
Речь идет о КАЗГЮУ,
Я про все Вам рассказала,
Все, за что его ценю.

Быть хочу специалистом,
Нынче знания в цене.
Патриотом, гуманистом,
И служить своей стране.
05.02.2016 г. С уважением,*~Виктория Ильина~*

dxfj
Мен M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-нде 2012 жылдың сәуірінен бері білім алып келе жатырмын. Осы төрт жылда университет менің екінші үйіме айналды. Мұнда мен өзімнің дарынды, жан-жақты тұлғалы, менің күнделікті оқуымды өздерінің көтеріңкі көңіл-күйлерімен әрлендірген достарымды кездестірдім. Жоғары білікті оқытушылардың танымдық және қызықты дәрістері, заманауи кітапхана, толықтай алғанда университеттің білім беру жүйесі студенттерге құқықтанудағы теориялық білімді игеруге мүмкіндік береді. Белгілі бір дәрежеде қаталдық танытатын оқу мен бағалау жүйесі студенттердің сапалы теориялық даярлығын береді. Бұл олардың өз машықтарын практикада іске асыруына көмектесетіні анық.

КАЗГЮУ-де мақсатын алдына қоя білген жас студенттердің алдында мүмкіндіктер мен болашақтар ашылады. Университетте спорт, музыка, қайырымдылық, дебаттар сияқты түрлі клубтар бар. Бірақ 2015 жылғы Республикалық Құқықтануға қатысты олимпиадада команда мүшесі ретінде қатыстырып, мен үшін КАЗГЮУ академиялық деңгейлі мүмкіндіктер берді. Бірнеше айларға созылған күнделікті дайындықтар Мемлекет және құқық теориясынан, конституциялық, азаматтық, қылмыстық заңнамалардан жетпей жатқан білімімді шыңдауға көмектесіп, біздің командамызға Қазақстан Республикасындағы басқа командалардың арасынан бірінші орын алып берді. КАЗГЮУ-де сонымен қатар жыл сайын республикалық гуманитарлық пәндер бойынша ғылыми конференциялар өтеді. Нәтижесінде құқықтану мен басқа да гуманитарлық пәндер салаларындағы өзекті мәселелерге арналған ғылыми мақалалардың жинақтары жарық көреді.

КАЗГЮУ-дегі халықаралық бөлімнің оңтайландырылған жұмысының арқасында маған Вроцлав Университетінде (Польша) білім алу мүмкіндігі берілді. Жарты жыл бойына академиялық ұтқырлық аясында мен 2 курста ол жақта тек қана КАЗГЮУ-ді емес, сонымен қатар өз елімді де таныттым. Шетелдегі семестр маған еуропалық білім берудің жүйесін түсініп қана қоймай, кейбір қазақстандық және еуропалық құқықтануға қатысты салыстыруларды жасауға да мүмкіндік берді, сонымен қатар менің әр түрлі елдерден жиналған студенттер арасында олардың оқып, білім алуға, олардың мәдениеті мен елдерін тануға мүмкіндік берді. 2015 жылдың қыркүйегінде мен студенттер мен оқытушылар қатарында Виадриана Университетінде (Германия) Адам құқығын қорғаудың Еуропалық одағы аясында жазғы курстарына қатысу бақытына да ие болдым.

КАЗГЮУ маған құқықтану – өзімнің мансабымды және академиялық жолымды арнайтын сала екенін түсінуге көмектесті. Бүгінгі күні ғылыми қызығушылығым мен құқықтанудағы білімім «GRATА» Құқықтық фирмасында заңгердің көмекшісі ретінде практикадан өтуіме, құқықтану саласында өзімнің бірінші қадамдарымды жасауға көмектесті.

«Халықаралық құқық» мамандығындағы Құқық жоғары мектебі практиканттарының пікірлері

Ovw
Мен, Алдабергенов Абай Дулатович, M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti Құқық жоғары мектебі «Халықаралық құқық» мамандығының курс студенті «Penal Reform International» (Халықаралық түрме реформасы) Халықаралық қоғамдық бірлестігінің PRI Орталық Азиядағы өкілдігінде өндірістік практикадан өтіп жатырмын. Жұмыс біркелкі жүріп жатыр, PRI-дің негізгі ерекшелігі, менің ойымша, жұмыстағы нақтылық пен құрылымдығы болып табылады. Практиканттар үшін мұнда барлық жаңдайлар жасалған: ұйымның жеке кітапханасы бар, практика жетекшісі, сонымен қатар директор мен барлық қызметкерлер кеңес беруге дайын тұрады. Барлық практиканттарға ұйым қызметінің өзекті мәселелері бойынша талдау сияқты ғылыми-зерттеушілік қызметпен айналысуға барлық мүмкіндіктер жасалған. Одан өзге жұмыстардың жариялануына да мүмкіндік бар. Біздің жұмыстарымызды практикамен ұштастыру үшін және көрнекілік үшін түрмелерге барып, қайту туралы ұсыныстар да жасалды. PRI бастамасымен біз де ұйымдастыруына белсенді қатысатын конференциялар, тренингілер өткізіледі. Оған қоса PRI-ның БҰҰ (ЭКОСОС) Еуропа Кеңесі жанындағы Кеңес беру мәртебесі мен Адам мен Халықтар құқығы бойынша Африкалық комиссия жанында бақылаушы мәртебесі бар, әрі PRI АМҰ (Америка Мемлекеттері Ұйымы) азаматтық қоғамында тіркелген. Ал Қазақстанда Парламентпен, Жоғарғы Сотпен, Бас Прокуратурамен және Үкіметпен ынтымақтастықта, сондықтан практиканттарда, әсіресе, «Халықаралық құқық» мамандығындағы студенттерде жоғарыда аталған мекемелермен ынтымақтаса отырып, өз диплом жұмыстарына қатысты мәліметтерді жинақтауға да мүмкіндігі бар.

Қазіргі уақытта PRI Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда ірі жобалармен айналысып жүр, Қазақстандағы ЮНИСЕФ, БҰҰ-ның УВКЧП, Еуропалық Одақ, Нидерланды елшілігі, Ұлыбритания елшілігі, Швейцария елшілігі, Оңстүстік Африка Норвегия елшіліктерімен ынтымақтастықта қызмет атқаруда. Толықтай алғанда, біздер, практиканттар үшін практика орны «өте жақсы» деген бағаға лайық екенін айтқым келеді! Университетке практика орнын анықтауда ықпалдасқаны үшін, сосын PRI ұжымын өзімізді таныту үшін берілген мүмкіндіктер үшін ризашылығымды білдіріп, алғысымды айтамын.

Алдабергенов Абай «Халықаралық құқық» мамандығындағы 4 курс студенті

fjh
4 жыл бұрын M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-не оқуға түскен кезде мен ЖОО өз студенттеріне соншалықты қамқорлық көрсетеді деп ойламаппын. Маған осы жылы диплом алатын жүздеген студенттер сияқты КАЗГЮУ беделді ұлттық компанияларда, мемлекеттік органдарда практикадан өту мүмкіндігін берді. Әр министрлікте КАЗГЮУ-дің студенттері

бар шығар. Мен өзіме өзім: «Басқа ЖОО-лардың студенттері практикадан қай жерде өтеді екен?» – дегенсұрақ қоямын. Өзімнің M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-ме қатысты менің жүрегімдегі мақтаныш сезімі мен ризашылық сезімі кернеп барады. КАЗГЮУ өз студенттеріне тек қана ең жақсы орындарды практикадан өтуі үшін ұсынған. Бұл қызметкерлердің біраз тер төгуінің, тынбай еңбек етуінің арқасы деп білемін. Менің бақытыма GRATA Халықаралық заңгерлік фирмасында практикадан өту бақыты бұйырыпты. Оның өкілдіктері Әзербайжан, Беларусь, Қытай, Канада, Моңғолия, Нидерланды, Ұлыбритания, АҚШ, Швейцарияда, және басқа да көптеген елдерде бар. Барлық саны 20 елде өкілдігі бар. Қазір GRATA Халықаралық заңгерлік фирмасының Астаналық филиалда кәсіби заңгерлердің арасында отырып, мен M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-не, M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-нің Практика, мансап және жұмысқа орналастыру кеңсесіне және Д.У.Мухамеджановаға жасалған қомақты жұмыстары үшін, студент-практиканттармен үзілмейтін байланысы мен үйлестіру қабілеттері үшін үнемі алғысымды білдіріп отырамын. Өз тарапымнан мен өз Университетімнің атына кір келтірмеу үшін барымды салып жүргенімді айтқым келеді. Осылайша берілген тапсырмаларды кіршіксіз, сапалы түрде, жоғары теориялық даярлық деңгейімді көрсету үшін орындауға тырысып жүрмін.

Алиев Даулет 05.02.2016 ж.

hооff
Менің дипломдық тақырыбым Еуропалық Одақ пен Еуразиялық Экономикалық Одақ құқығындағы компаниялардың қызметіне экономикалық-құқықтық талдау жасау болып табылады. Ғылыми жетекшім – Ph.D докторы М.М.Дауленов. Осыған байланысты диплом тақырыбы практикадан өту орнымен тікелей байланысты. «Халықаралық құқық» мамандығындағы 4 курс студенті бола жүріп мен диплом тақырыбына бар ыждаһаттылықпен келдім. Университет маған Герман қоғамында (GIZ) халықаралық ынтымақтастық бойынша практикадан өтуге мүмкіндік берді. GIZ Қазақстанда Федералды Германияның Үкіметіне оның мақсаттарын жүзеге асыруда, саясат саласында дамуына ықпалдасуға қолдау көрсетеді. Практикадан өту кезінде мен оқу үдерісінде алған өзімнің теориялық білімімді пайдалануға мүмкіндік алдым. GIZ-де маған компанияның экономика, энергетика, білім беру және тұраты даму қызметіне қатысты белгілі бір міндеттер тапсырылады, нақтыласам, құжаттарды ағылшын, неміс, орыс тілдеріне аудару, зерттеулер, сонымен қатар жобаларды талдаулар. Бұл жерде біліктіліктері әр қызмет түрлерін қамтитын ұжым өте бауырмал екенін атап өткім келеді. GIZ-де практикадан өту, әр түрлі жобалар мен ұйымның қызметіне үлес қосу, сол арқылы өзіңді осы ұжымның бір бөлшегі ретінде сезіну қатты ұнайды. КАЗГЮУ-дің ерекше ықыласы мен қолдауын, оның ішінде практика үйлестірушісі Д.У. Мухамеджановты 4 курс студенттеріне практикадан өту орындарын анықтаудағы көмегі үшін ерекше атағым келеді. Мен GIZ-да өтіп жатқан практикамның аясында жаңа практикалық машықтарды игеретініме, соның арқасында маман ретінде халықаралық құқық саласында ол машықтарды іс жзінде қолдана алатыныма сенімдімін.
Кокжанова Алия 01.02.2016 ж.

ggjhn
Практикадан өту жерімді мен 3 курстан бастап анықтай бастадым: түйіндеме жасап, уәждемелік хаттар жазып, өз оқытушыларымнан ұсыныс хаттар жинақтап алдым. Қыркүйектің басында өз құжаттарымды Халықаралық-заңгердің мамандығы өте беделді және танымал деп есептегендіктен Астанадағы барлық беделді дипломатиялық мекемелерге жібердім. Себебі бұл мамандық ұлттық және халықаралық құқық, бірнеше шет тілін білуді міндеттейді, сонымен қатар сыртқы экономикалық және дипломатиялық қызметпен тікелей байланысты.

Маған бірден елшіліктерден бірнеше қызықтыратын хаттар келіп түсті. Менің таңдауым Испанияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі болды. Себебі коммуникациялық дағдылармен қоса өз испан тілімнің деңгейін арттыруға мүмкіндік аламын, әрі өзімнің дипломдық жұмысымның практикалық тұстарын толықтыра аламын. Сұхбаттасуды Испанияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі миссиясы басшысының орынбасары Инес Манрике Ескудеро ханым өткізді. Диплом алдындағы практикадан өткенде маған алған білімімді іс жүзінде қолдануға мүмкіндік туындаған болатын. Практика барысында мен дипломатиялық әңгімелесулерге, конференцияларға, түсіндірме жұмыстарына қатысып, анықтама жасауды және хат-хабарламаларды шолуды, ауызша және жазбаша аударманы қамтамасыз етуді үйрендім.

Өзімнің Университетіме шын жүректен алған білімім үшін, Испания елшілігінде практикадан өту мүмкіндігі үшін алғысымды білдіремін.

Мадибекова Диана. МПК-401 тобының студенті. «Халықаралық құқық» мамандығы