«5В030300-Құқық қорғау қызметі» білім бағдарламасы

Мемлекеттік қызметтің жеке түрі ретінде құқық қорғау қызметі 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Құқық қорғау қызметі туралы»  Қазақстан Республикасының № 380-IV Заңына сәйкес, құқық бұзушылықтарды алдын алу, тергеу және ашуға, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, қылмыстылық пен өзге құқық бұзушылықтармен күресуге бағытталған.

КАЗГЮУ Университетінде бакалавриат «5В030300-Құқық қорғау қызметі» (оқу жылы 4 жыл) мамандығының бағдарламасы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік лицензиясы негізінде жүзеге асырылады.

Бағдарламаның миссиясы, құқықтар мен бостандықтардың қорғалуын халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін, құқық қорғау саласындағы жоғары білікті мамандарға мемлекеттің қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.

Осылайша, бағдарлама мынадай кәсіби қызмет аясында бітірушілер біліктілігінің дамуына бағытталған:

– құқық бұзушылықтардың өмірдің барлық жағдайларында дәлме-дәл әрекеті арқылы, адам және азамат құқықтарының сақталу халықаралық стандарттарына және ұлттық заңнамада негізделген, адам және азамат құқықтарының қорғалуы;

– шағын және орта бизнес дамуының шарттарын, сондай-ақ қолайлы инвестициялық климатты құру мақсатында,  кәсіпкерлік және өзге де заңнамаға қайшы келмейтін қызметті қорғау және қолдау;

– криминогендік және сыбайластық факторларды және олардың алдын ала жоюлуын болжау жолымен, құқық бұзушылықтардың алдын алу;

– заңдылық қағидасының негізінде және заманауи технологияларды қолдану арқылы құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және ашу аясында құқық қолдану қызметін жүзеге асыру.

 

Пәндік және оқудан тыс кәсіби мақсаттар мен дағдылар мынадан тұрады:

  • құқықтың мәнін қоғамдық қатынастардың реттеушісі ретінде түсіну, құқық функцияларын, құқықтық жүйе құрылымы мен элементтерін білу;
  • мемлекеттің пайда болуының заңдылықтарын, қазіргі кездегі мемлекеттің функцияларын жүзеге асырудың нысандары мен әдістерін, оның институттары мен мен мекемелерінің қызмет етуінің ережелерін білу;
  • адам құқықтарын қорғау мен қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық және халықаралық актілерді білу;
  • құқық қорғау органдары қызметі мен қызметін ұйымдастыру қағидаларын білу және олардың қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін маңызын түсіну;
  • заңды жауапкершіліктің түрлерін, олардың ерекшеліктерін, құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың негіздерін білу;
  • қылмыстық іс-жүргізушілік, әкімшілік іс-жүргізушілік, азаматтық іс-жүргізушілік және тәртіптік рәсімдерді білу;
  • юридикалық сипаттағы құжаттарды сауатты құрастыру, ауызша білікті кеңестерді өткізу (қазақ және орыс тілдерінде);
  • нақты өмірлік жағдайларға материалдық және процессуалдық құқықтың нормаларын қолдануды үйрену, фактілер мен мән жайларды заңды тұрғыдан дұрыс саралау;
  • қылмыстар мен өзге де құқықбұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу дағдыларына ие болу, сыбайлас жемқорлық әрекеттерін табу, құқықтық баға беру;
  • құқық бұзушылықтардың алдын алу әдістеріне ие болу және олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды табу және жою;
  • өз қызметінің құқықтық, моральдық, әлеуметтік және экономикалық салдарын және ол үшін жауапкершілікті көтеру қажеттілігін  түсіну;
  • тілдесудің әлеуметтік экономикалық заңдылықтарын білу, әлеуметтік және кәсіби байланыстарды орнату;
  • практикалық және юридикалық проблемалар бойынша сыни ойлау және тәуелсіз шешімдерді қабылдау;
  • тиімді ақпараттық техникасына ие болу, айналасындағылармен соның ішінде заңды түсінбейтіндермен анық және нақты тілдесу;
  • құқық пен заңға құрмет көрсету, сыбайластық әрекеттерге жол бермеу.

 

Бағдарлама кәсіби қызмет саласында теориялық құқықтық білімдер және дағдылармен олардың практикалық жүзеге асырылуын білдіретін, құқықтық сананы  тәрбиелейтін және практикалық бағдарлаушы негізде құзыреттер моделін туындататын,  өзіне жалпы гуманитарлық, әлеуметтік экономикалық пәндерді және арнаулы пәндерді қосып алады.

Бітірушілердің оқу қызметінің санаттары өзіне қызметтің мынадай  ұйымдастырушылық түрлерін қосып алады: лабораторлық және тәжірибелік сабақтар; дипломдық жобаны жазу және қорғау; баламалы тапсырмалар; оқиғалық практикум.

Бағдарлама құқық қолдану практикасының (тергеу, тергеу-криминалистикалық, экономикалық тергеу, жедел іздестіру, жедел-экономикалық, жедел-криминалистикалық, әкімшілік-құқықтық, қылмыстық-атқару, адвокаттық, сарапшылық) белгілі бір түрлеріне өз бетінше шешімдерді қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған.

КАЗГЮУ Университетінің құқық жоғары мектебінде құқық қорғау қызметі бакалаврларын даайындаудың ерекшеліктері оқу процесін жұмыс берушінің қажеттіліктеріне тікелей бағдарлау, аналитикалық және сыни ойлау кәсіби дағдыларын алуын қамтамасыз ететін оқыту әдістемесі; құқық қорғау қызметінің халықаралық стандарттарына бағдарлау; қуатты материалдық техникалық базаның болуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу болып табылады.

Бағдарлама Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет қағидаларына және құқық қорғау қызметінің арнаулы қағидаларына (2011 жылғы 6 қаңтардағы «Құқық қорғау қызметі туралы»  Қазақстан Республикасының № 380-IV Заңы) сәйкес, құқық қорғау органдарындағы қызметтің біліктілік талаптарына сай келеді. Бағдарламаның аталған критерийлерге сәйкес келуі жыл сайын құрамына сот жүйесінің өкілдері, прокуратура органдары, ішкі істер органдары, әділет органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері кіретін «Құқық» мамандықтары тобы бойынша КАЗГЮУ Университетінің жұмыс берушілерінің Координациялық кеңесімен бекітіледі.