«5В030200-Халықаралық құқық» мамандығы бойынша білім бағдарламасы «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бакалавр бағдарламасы мемлекеттік білім стандарты мен Университет миссиясына сәйкес дайындалған. «5B030200-Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бакалавр бағдарламасы КАЗГЮУ Университетінде Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі ұсынған мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырылады.«Халықаралық құқық» білім бағдарламасы университет және Құқық жоғары мектебінің миссиясын жүзеге асыруға бағытталған, мұның шеңберінде білім бағдарламасының мақсаты мен түлектерді оқытудың нәтижелері қалыптастырылған. Оқу бағдарламасының мақсаты еңбек нарығының талаптарына сәйкес келеді.

Бағдарламаның мақсаты- халықаралық жеке және жария құқық саласында Қазақстандық заңгерлер элитасының бір бөлігі бола алатын және қазіргі қоғам талаптарына жауап бере алатын жоғары білікті мамандар дайындау. Бағдарламаны бірегей етіп көрсететін оның артықшылықтары:

  • бағдарламаны қалыптастырудағы пәнаралық тәсіл;
  • өздігінен оқу мен өзін-өзі дамытудағы жаңалықтарын қалыптастыруға бағытталған оқытудың интерактивті әдістері;
  • университеттегі ғылым салысының басым дамуына сәйкес бағдарламалар қалыптастыру;
  • бағдарламаның тәжірибелік бағыттылығы;
  • жүйелі және тұрақты негізде халықаралық құқық саласындағы тәжірибелі мамандардың қонақ дәрістерін өткізу;
  • халықаралық құқыққа бағыттай отырып тілдік даярлық деңгейін біртіндеп көтеру арқылы 5 семестр аралығында ағылшын тілін үйренудің үздіксіз үдерісі;
  • көптілді топтарда білім алу мүмкіндігін ұсыну, онда оқу үш тілде жүргізіледі: қазақша, орысша және ағылшынша;
  • жалпы білім беру пәндері 1-курста Жалпы білім беру пәндері және тілдік даярлық жоғары мектебінде оқытылады, бұл студенттерге тиісті базалық білім, жаңалықтар мен құзыреттіліктерді қалыптастыруға септігін тигізеді.

Бағдарламаны табысты аяқтағаннан кейін түлектердің мүмкіндігі болады:

  • жалпы білім беру пәндері мен негізгі құқықтық пәндерден білімі мен түсінігін көрсетуге (LO1);
  • халықаралық құқық оның пәні, қайнар көздері, құрылымы мен қазіргі халықаралық сот тәжірибесі контексінде оның ішінде және де квази-соттық тәжірибенің жекелеген салаларындағы білімдерін көрсетуге (LO2);
  • мемлекеттік органдардың, үкіметаралық ұйымдардың қызметінде өзінің халықаралық құқықтық білімін қолдануға (LO3);
  • ұлттық және халықаралық аспектідегі құқықтық мәселелерді шешуде өз білімін қолдануға (LO4);
  • құқықтық, экономикалық және халықаралық аспектідегі шешімдер қабылдау мен негіздеуге (LO5);
  • құқықтық, әлеуметтік және саяси дауларды шешуде арбитр және делдал сапында келіссөздер жүргізу (LO6);
  • жекелеген зерттеулерді ары қарай жоғары деңгейдегі жүргізуді жалғастыру (LO7).

Түлектің кәсіби қызмет салысындағы «Халықаралық құқық» бағдарламалары:

  1. келісім-шарттар мен контрактлерді қоса алғанда құқық шығармашылық жұмыс;
  2. халықаралық деңгейде Қазақстан Республикасының құқықтары мен мүдделерін қорғау;
  3. сыртқы саясат деңгейінде Қазақстан Республикасы атынан өкілдік ету, оның ішінде дипломатиялық және  конулдық қатынастар саласында, халықаралық үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардағы жұмыс;
  4. шетелдерде және Қазақстан Республикасында заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
  5. сараптамалық-консультативтік жұмыс, оның ішінде заң жобалары, келісімшарттар мен мәмілелер бойынша ғылыми-құқықтық қорытындылар дайындау.