«5В030100-Құқықтану» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы

КАЗГЮУ Университеті «құқықтану» мамандығы бойынша бағдарламаны жүзеге асыруды 1994 жылдан бастады. Ал Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен лицензияланған «Құқықтану» мамандығы бойынша төрт жылдық бакалавриат бағдарламасын 2001 жылы бастады. 2005 жылы аталған мамандық бағдарламасы мемлекеттік аттестациядан өтті, 2011 жылы қайта растады.

«Құқықтану» мамандығының білім беру бағдарламасының бастапқыда мемлекетпен ЖОО алдына қойылған келесі мақсатты жүзеге асыру үшін әзірленгендігін айтқан жөн: әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында мемлекетті жүргізіліп жатқан құқықтық реформаны қамтамасыз ететін жоғарыбілікті заңгерлерді дайындау.

«5В030100- құқықтану» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы мақсаты болып құқықтық сана және құқықтық мәдениетке ие, құқықтық нормаларды әзірлеу мен жүзеге асыруда және заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуде іргелі білім кешені мен кәсіби құзіреттерге ие жоғарыбілікті заңгерлерді дайындау табылады.

Оқытудың нәтижелері:

«Құқықтану» бакалавриаты бағдарламасының игерген студент білуі тиіс:

  • барлық құқықтық пәндер бойынша базалық білімді көрсетуге (материалдық және процессуалдық азаматтық құқық, көпшілік және қылмыстық құқық);
  • алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге, жаңа ойлар мен нақты ұсыныстарды келтіруге;
  • жинақталған тиісті мәліметтер негізінде оларды саралай отыра қорытынды жасау, сонымен қатар әртүрлі ғылыми мектептердің ғылыми ұстанымдарына салыстырмалы талдау жасау және оларды аргументациялау;
  • комамуникативтік байланыс дағдыларын, оның ішінде кәсіби қарым-қатынастың тәсілдері мен әдістерін білу;
  • жеке дара зерттеулер жүргізуді жалғастыру;
  • өз бетінше біліктілікті жетілдіру, қосымша білімдер мен кәсіби дағдыға ие болу, жаңадан пайда болған құқықтық сұрақтарды шеше білу;
  • барлық негізгі құқықтық пәндер бойынша істерді шеше білу (материалдық және процессуалдық азаматтық құқық, көпшілік және қылмыстық құқық).

Бағдарлама құқықтық мәдениетке тәрбиелеуге мен болашақ бакалавриаттың тәжірибеге негізделген техникасын қалыптастыруға бағытталған жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық және арнайы пәндердің білімдерін қамтиды.

«Құқықтану» бағдарламасы бойынша студенттерді дайындаудың ерекшеліктері:

  • гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша іргелі университетік дайындық;
  • құқықтық пәндер бойынша іргелі университетік дайындық;
  • азаматтық-құқықтық және азаматтық іс жүргізушілік профильдегі пәндерді тереңдетіп оқу: азаматтық құқық (жалпы және негізгі бөлім), зияткерлік меншік құқығы, кәсіпкерлік құқық және инвестициялар, мүліктік және тұрғын үй құқығы, отбасылық-мұрагерлік қатынастарды құқықтық реттеу, еңбек құқығы, азаматтық іс жүргізушілік құқық, атқарушылық өндіріс, азаматтық іс жүргізушілік құқық бойынша кейс-стади;
  • тренинг жүйесі, іскерлік ойын, істердің белгілі категориясы бойынша іс жүргізу, адвокаттық фирмаларда, нотариалдық контораларда және т.б. танысу және құқықтық тәжірибелер жүйесі арқылы құқықтық даярлықтың іс жүзінде тәжірибелік бағыттылығы.