Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотымен ынтымақтастық
2019 жылдың 21 қаңтарында Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты және M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құқық жоғары мектебінің студенттері халыққа тегін заң консультацияларды ұсыну және процестік құжаттарды дайындау кезінде көмек көрсету арқылы соттарда жеке-құқықтық дауларға қатысушы тараптардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысуға мүмкіндік алды. Сонымен бірге, бұл ынтымақтастық білім беру бағдарламаларын дамыту, құқықты дамыту және қолдану мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар мен зерттеулерді жүргізу бөлігіндегі серіктестікті көздейді.
Ашықтығы мен ынтымақтастығы үшін Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының төрағасы Жүкенов Арман Серіктайұлына алғысымызды білдіреміз.

«Халық заңгері» республикалық акциясы
2018 жылдың 30 қарашасында Kazguu Law Clinic қызметкерлері мен Kazguu Law School студенттері тегін заң консультацияларды ұсыну бойынша «Халық заңгері» атты ең ауқымды акцияға атсалысты.
«Халық заңгері» акциясы бір мезгілде Қазақстанның барлық облыстық орталықтарында, республикалық маңызы бар қалалар мен астанада өткен.
Астанада ғана бұл акцияға алпыстан астам заңгер (адвокат) қатысты.
Ауқымдылығы бойынша «Халық заңгері» акциясы Гиннестің рекордтар кітабына үміткер болды және бір қуанарлық жайы – студенттеріміздің бұл акцияға өз үлестерін қосуы және оған қатысуы.
M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti Құқық жоғары мектебінің Заң клиникасы ынтымақтастық үшін «Параграф» ақпараттық жүйесіне, сондай-ақ Михаил Коломинге және Саида Сулейменоваға алғысын білдіреді!

«Жедел заң көмегі» акциясы
2018 жылдың 12 қарашасында KAZGUU-дің Заң клиникасы «Хан Шатыр» сауда орталығында «Жедел заң көмегі» деп аталатын жаңа форматтағы акцияны өткізді.
Уәдемізде тұрып, біз қызметіміздің нысандарын кеңейтудеміз және заң көмегін көрсету үшін біз елорданың халқы көп жиналатын сауда-ойын-сауық орталықтарында неше түрлі акцияларды өткізудеміз.
Бүгін біз осындай акцияны алғаш рет өткізіп, оның нәтижелеріне ризамыз.
Халыққа мұрагерлік құқық, еңбек құқығы, неке-отбасылық қатынастар, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы және т.б. салалардағы мәселелер бойынша консультация берілді.
Ынтымақтастық үшін жаңа әріптестерімізге – «Хан Шатыр» сауда орталығына және Sky Beach Club әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз.
Айта кетерлік, бұдан әрі осындай акцияларды басқа да сауда-ойын-сауық орталықтарында жиі өткізуді жоспарлаймыз.
Іс-шараны ұйымдастырудағы көмегі мен жаңа әріптестік байланыстарын орнатуға белсенді қатысқаны үшін M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti Құқық жоғары мектебінің Фемидасы Мәмбетәлиева Аружанға алғыс білдіреміз.

Қызметіміздің кеңеюі
KAZGUU Law Clinic өз қызметін кеңейтуде. 2018 жылғы 10 қыркүйекте Kazguu Law School Фемидасы, клиниканың заңгері Мәмбетәлиева Аружан психоневрологиялық аурулары бар тұлғаларға медициналық күтім мен оңалтуды жүзеге асыратын «Адал ниет» әлеуметтік орталығының директорымен және орталықтың қамқорлығындағы адамдарымен кездесуді ұйымдастырды.
Қордың қамқорлығындағы адамдардың көбісі – әрекетке қабілетсіз деп танылғандар. Бұл өмірдің ең қиын кезеңінде өзінің ешкімге қажетсіздігін сезінген адамдар, бірақ олардың мүлкіне таласушылар көп, тіпті ең жақын адамдары.
Командамыз консультацияларды өткізіп, екі істің құқықтық сүйемелденуін өз қолына алды. Екі жағдайда да сөз жылжымайтын мүлікті заңсыз иемденіп алу, бірқатар мәмілелерді жарамсыз деп тану, мұрагерлікті қабылдау мерзімдерін қалпына келтіру туралы жүргізіледі.
Аружанның басқаруымен студенттеріміз ертеңнен бастап осы тұлғаларға құқықтық көмекті көрсетуге кіріседі.
Студенттер үшін бұл орасан зор тәжірибе, себебі оның мақсаты игі. Бұл Фемиданың өз мәртебесіне лайықты болғанын және әділдікті қалпына келтіруге және құқықтарды қорғауға қатысқанын дәлелдейді.

ABC Weekend
2018 жылғы 29 қыркүйекте KAZGUU Law Cliniс командасы ABC Weekend аясында сарапшылар (консультациялық) сессиясына қатысты.
Өз кәсібін енді ғана бастап жатқан кәсіпкерлер мен стартап басқарушыларына бизнес жүргізудің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын анықтаудан бастап шарттар жұмысы, лицензиялау, зияткерлік меншік объектілерін қорғау ерекшеліктеріне дейін бизнес-идеяны құқықтық сүйемелдеу бойынша тегін заң консультациялар берілді.
Тағылымдамадан өтушілер үшін сенбілік күннің берген пайдасы мол болды.
Өз тарапынан студенттер жастардың қандай жаңа бизнес-идеялары қазіргі таңда сұранысқа ие екендігі жайында мағлұмат алды.

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЗИЯТКЕРЛІК-ИННОВАЦИЯЛЫҚ КЛАСТЕРІМЕН (NURIS) ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
2018 жылғы 12 қыркүйекте KAZGUU Law Cliniс Назарбаев Университетінің зияткерлік-инновациялық кластерімен (NURIS) тығыз ынтымақтастық аясында M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti және Назарбаев Университетінің «NURIS» ЗИК арасындағы Меморандумды жасасуға көмектесті.

Меморандум төңірегінде KAZGUU Law Cliniс командасы НУ студенттері мен түлектерінің стартап-жобаларының құқықтық сүйемелденуін жүзеге асырады, ал NURIS командасы біздің студенттер мен қызметкерлеріміздің зияткерлік өнімдерін коммерциалдандыруға қолдау көрсетеді. Ынтымақтастыққа және бірлескен жұмыстың өзара тиімді құрылуына қуаныштымыз!

Заң клиникасының презентациясы
Бағдарлау апталығы аясында 2018 жылдың 28 тамызында M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti Құқық жоғары мектебінің 1-курс студенттері үшін KAZGUU Law Cliniс презентациясы өткен.
Клиниканың миссиясы мен мақсаттары, міндеттері мен қызметі туралы студенттерге клиниканың жетекшісі және жыл бойы халыққа консультация беріп, заң көмегін көрсеткен тағылымдамадан өтушілердің өздері баяндап берді.
Жүзге тарта студент қызығушылық танытып, клиника командасының мүшесі болуға өз тілектерін білдірді.
Қымбатты 1-курс студенттері, Заң клиникасы Сіздерді Қазақстанның ең үздік университеттерінің бірі – KAZGUU Unıversıteti-не түсуімен құттықтайды және оқуда табыс пен қызықты студенттік өмір тілейді!
Сіздерді командамыздың құрамында құшақ жая қарсы аламыз!

Халықаралық конференция
Оқу жылының соңғы жұмыс күнін Заң клиникасы өте тиімді өткізді!
2018 жылғы 31 мамырда KAZGUU Law School студенттері мен KAZGUU Law Clinic тағылымдамадан өтушілері Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы Қормен бірге ұйымдастырған «Сот риторикасы: практика мен оқу мәселелері» атты халықаралық конференцияға қатысты.
M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti Құқық жоғары мектебінің директоры С.Г. Пеннің айтуынша, «Жарыспалылық қағидасын жүзеге асыру кезінде сотта сөйлеу дағдылары өте қажетті. Алайда сот тілінің іргетасы «Сыни ойлау», «Ақпараттық-аналитикалық жұмыс», «Іскерлік риторика» курстары болып табылады».
Айта кетерлік, көрсетілген курстар Құқық жоғары мектебінің білім беру бағдарламаларында табысты жүзеге асырылуда және студенттеріміздің заң тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда.
Осымен KAZGUU Law Clinic екі айлық үзіліс туралы хабарлайды.
Қызметіміз 2018 жылдың 1 тамызынан қайта басталады.
Барлық сұрақтар бойынша бұрынғыдай біздің ресми электрондық поштамызға жаза аласыздар: lawclinic@kazguu.kz.

Penal Reform International in Central Asia-мен (Халықаралық түрме реформасы) (PRI) ынтымақтастық
2018 жылғы 5 мамырда KAZGUU Law Clinic қызметкерлері Penal Reform International in Central Asia (Халықаралық түрме реформасы) (PRI) өкілдерімен кездесіп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған PRI жобаларын жүзеге асырудағы ынтымақтастық мәселелерін ортаға салды.
KAZGUU Law Clinic командасы көрсетілген жобаларға белсенді қатысуға өзінің дайын екендігін білдірді.
Ережепов Манас клиниканың қызметімен және үстіміздегі жылы қол жеткізген нәтижелерімен таныстырды.
Орталық Азиядағы PRI бағдарламаларының менеджері Жанна Назарова клиниканың атқарып жатқан жұмысының жоғары әлеуметтік маңыздылығын бағалап, ынтымақтастықтың табысты болуына сенімін білдірді.

Астананың Балалар үйімен жұмыс
8-11 сынып оқушыларына балалардың құқықтары бойынша семинарды өткізу мақсатымен KAZGUU Law Clinic жетекшісі Е.Л. Бабаджанян және 3-курс студенттері Аман Арайлым, Алиева Алина, Гадилжанова Улжан, Айдарханов Нуржан және Ночевная Виктория Астана қ. Балалар үйіне барды.
Семинардың мақсаты балаларға өздерінің негізгі құқықтары туралы ақпарат беру болғандықтан, ұйымдастырушылар семинарды қызықты өткізуге бар күшін салып, балаларды қызықтыра білді, нәтижесінде олар өздерін мазалаған сұрақтарды қойып, өз білімін тексеру үшін ең соңында өткізілген викторинаға қатысты.
Командамыз балалармен байланыс орнатып, тіпті балалардың арасында болашақ заңгерлерді де анықтап үлгерді.
Кездесу қорытындысы бойынша клиниканың қызметкерлері Балалар үйіне және оның қызметкерлері мен тәрбиеленушілеріне керекті жағдайда тегін консультация беру мен заң көмегін көрсетуге уағдаласты.
Құқықтық насихаттауды кеңейту және халыққа көмек беру секілді мақсаттарымызға жету үшін тағы бір қадам алға жасалды.
Командамыз тегін заң консультация ұсыну, заң көмегін көрсету және құқықтық білімді тарату арқылы халық пен қоғамға тиер пайдамыз көп болады деп үміттенеді.