«Жеті рет өлшеп, бір рет кес!»

Құжатқа қол қойған кезде, аса сақ болыңыздар! Қол қоймай тұрып, кез келген құжатты мұқият оқып шығу (зерделеу) қажет, тіпті шартты бұзу туралы жай келісім болса да. Әрине, бұл қарапайым ақиқат, алайда, оны да кейде сақтамаймыз.

Дәл осындай алаңғасарлық «Адал ниет» қорын қайшылықтарға толы дауға тап қылды, оны шешуге біздің Заң клиникамыз кірісті.

Ғимаратты жалдау шартын бұзу кезінде қор директоры Жалдау шартын бұзу туралы келісімнің 5-тармағының мазмұнына назар аудармапты, оған сәйкес жалға алушы «N» мөлшерінде (6 нөлі бар сан) жоқ қарызды төлеуге кепілдік береді екен!

Қарыздың жоқтығын растайтын дәлелдемелерді жинай бастадық. Абырой болғанда, жалдау қарым-қатынастарының бүкіл уақыты бойы төлем құжаттары сақталған. Kazguu Law School Фемидасы Аружан Мамбеталиевамен бірге Kazguu Law Clinic-тің «Адал ниет» қорымен ынтымақтастық аясында талап арызға қарсылықты дайындап жатырмыз!